Отбасы... Дінімізде жанұя
Ислам діні қоғамның бақыты және адам ұрпағының дені сау, салауатты жалғасуы үшін жанұяның қажетті екендігін білдірген. Осы себепті некені халал қылып, зинаны және зинаға жол ашатын еркін қатынастарға тиым салған. Әйелдерге ешбір діннің, ешбір жүйенің бере алмаған қадірін, мәртебесін берген. Расулуллаһ алейһиссаламның “Уәда хұтбасындағы” насихаттарының бірінде: «Әйелдеріңді жәбірлемеңдер. Олар Аллаһу та’аланың сендерге берген аманаты. Олармен жұмсақ, жылы мәміледе болыңдар, оларға жақсылық жасаңдар.» деп бұйырған. Тағы бір хадис шәрифте «Жаннат аналардың аяғының астында» деп бұйырып әйелді қорғауда теңдесі жоқ мәртебе танытқан.
Бірақ еркектер ислам бойынша “жанұяның басшысы” деп саналады және әйелдерге қарағанда жоғары дәрежеге ие. Хақ та’ала әйелді еркектің қамқорлығына берген. Құран кәрімде: «Еркектер әйелдердің басшысы және қорғаушысы.» (Ниса 34) деп бұйырылған. Сонымен қатар еркектердің әйелдерге қатысты шариғи ақылары болғаны секілді, әйелдердің де оларға қатысты ақылары, міндеттері бар. Жанұяның бақыты және әлеуметтік өмірдің тыныштығы, жанұяны құрайтын әйелмен еркектің өз міндеттерімен жауапкершіліктерін біліп, орындауларына байланысты.
Жанұя ішінде әйелмен еркектің бір-бірлерін түсініп, сабырлы, кешірімді болулары жанұя бақыты үшін шарт болып табылады. Ерлі-зайыптылардың бір-біріне құрметпен қарауы және міндеттерін білуі ұяның бақытына апаратын маңызды қағидалардың бірі.