Даналық сөздер... Өмірдегі екі нәрсе
¨ Екі нәрсе сапасыз адамның қасиеті: 1) Шағымданушылық. 2) Өсекшілік.
¨ Екі нәрсе шешілмейтін қиыншылықтарды да шешеді: 1) Мәселені басқа қырынан алып қарау. 2) Алдыңдағы адамның орнына өзіңді қою.
¨ Екі нәрсе қателік жасаудың алдын алады: 1) Болған жағдайды және ондағы адамдарды ақыл мен жүректің сүзгісінен өткізу. 2) Ешкімнің ақысын жемеу.
¨ Екі нәрсе адамның қадірін түсіреді: 1) Бәдіктік. 2) Мақтаншақтық.
¨ Екі нәрсе адамды сапалы, білікті етеді: 1) Қалауларына ие болу. 2) Үйлесімді, бейімді болу.
¨ Екі нәрсе адамға қосымша қасиет береді: 1) Ораторлық және дикциялық білім алу. 2) Түсініп тез оқуды үйрену.
¨ Екі нәрсе адамды кері тартады: 1) Шешім қабылдай алмау. 2) Батылсыздық, ынжықтық.
¨ Екі нәрсе жаңа нәрселерді табуға жол ашады: 1) Сапалы орта. 2) Аздап қозушылық (шабыт).
¨ Екі нәрсе өмір бойғы еңбегінің босқа кетпеуін қамтамасыз етеді: 1) Ісіңде қабілетті болу. 2) Жақсы көретін жұмысыңды істеу.
¨ Екі нәрсе сәттіліктің сыры: 1) Ұсталардан ұсталықты үйрену. 2) Өзіңді жетілдіру.
¨ Сәттілік пен бақытқа бірдей қол жеткізудің сыры екеу: 1) Ниеттің дұрыс болуы. 2) Рухани зеректік.
¨ Екі нәрсе миллиондаған адамдардың ішінен ерекшелендіреді: 1) Қиыншылық тудырушы емес, шешуші болу. 2) Өмірге және барлық нәрсеге жаңа (өзгеше) көзқараспен қарай алу.
¨ Екі нәрсе дамуға кедергі болады: 1) Түймедейді түйедей ету. (Асыра сілтеу) 2) Бір пәлекет болуын күтіп өмір сүру.
¨ Екі нәрсе барлық мәселеге шешім алып келеді: 1) Күлімдеу. 2) Үндемеу.