Untitled Document

Жалғасы... Андалусия мемлекеті (3)

Христиандар 1492 жылы Андалусия мемлекетін басып алғандарында бұл мешітті талан-таражға салды. Мешітке тығылған мұсылмандарды аяусыз жойып жіберді. (Дәл осыдан 40 жыл алдын Стамбулды алған Фатих Сұлтан Аясофияға тығылған христиандардың барлығын кешіріп, еріктеріне жіберген болатын.) Аман қалған мұсылмандар мен яһудилерді қылыш күшімен, мәжбүрлеп христиандастырылды. Бұлардың қолынан қаша алған яһудилер Османлы мемлекетін паналады. Қазіргі таңдағы Түркиядағы яһудилер осылардың ұрпақтары. Ал мұсылмандар әуел баста бұл елді басып алған кездерінде бұл жерде өмір сүретін жергілікті христиандар мен яһудилерге тиіспеген еді. Олардың өз діндері бойынша өмір сүрулеріне кедергі болмағанды.

Соңында соңғы жабайылық ретінде, 1523 жылы мешіттің ішінен бір шіркеу салуға шешім қабылдады. Ол үшін сол кезде Испания мен Германияның императоры болған 5-ші Чарльздан рұқсат алды. Бұл алған рұқсаттарымен шіркеу салу үшін тағы қаншама тіреуіштерді құлатты. Мешіттің ортасына крест күйінде 52х12 метр көлемінде көріксіз бір шіркеу салынды. Чарльздің өзі Қуртуба (Кардова) қаласына келгенінде салынған шіркеуді көріп, қатты ренжіп былай дейді: “Істеген істеріңнің жабайылық екенін көріп, сендерге рұқсат бергеніме қатты өкіндім. Әлемде ұқсасы теңдесі жоқ бұл керемет туындыны мұндай жағдайға алып келетіндеріңді білгенімде сендерге рұқсат бермес едім және барлығыңды жазаландырар едім. Сендердің жасаған бұл ұсқынсыз шіркеулерің, жай ғана бір ғимарат. Алайда бұл сәулетті мешіттің ұқсасын салу енді мүмкін емес.”»

Кардовадағы мешіттің есімі қазіргі таңда Ла Мезкуита шіркеуі деп аталуда. Түбірі мешіт сөзінен келеді. Яғни әлі күнге дейін мешіт есімі аталуда. Оны тамашалауға келетіндер шіркеу деп емес, ислам мәдениетінің үлкен туындысы ретінде бағалауда.