Жалғасы... Андалусия мемлекеті (2)
Бірінші Абдуррахманның өмірі мешіттің біткенін көруге жетпеді. 788 жылы (х 172) қайтыс болды. Одан кейін таққа шыққан баласы Хишам және немересі бірінші Хакем рахимаһумуллаһ мешітті бітіруге күш салды. Мешіт құрылысы он жылда бітті. Бірақ бұдан кейін әр жылы қосымша ғимараттар салынып ең соңғы кейпі 990 жылы (х 380 ж) яғни 205 жылда аяқталды. Екінші Хакем 976 жылы (х 366) мешітке алтыннан мінбе жасатты. Осылайша бұл мешіт өте зәулім, көркем өте ерекше өнер туындысы ретінде бой көтерді. Мешіт 120х135 метр көлемінде тіктөртбұрыш пішінде еді. Мешіттің ішінде әрбірі он метр биіктігінде 1419 тірек болды. Ол тіректер жер бетіндегі ең керемет мәрмәрлардан жасалған болатын. Тіректердің төбесіндегі аркалар бірнеше түсті мәрмәрдан бөлшек-бөлшек түрде тізілген еді. Мешітке кірген кезде адамның көзі осы тірек орманында адасып, көркем өнер сұлулығынан таңырқап қалатын. Бұл кезге дейін мұншалықты сұлұлық дүниенің еш жерінде көрілмеген болатын. Мешіттің 20 есігі бар еді. Есіктердің алдында ерекше мандарин бақшалары айналаны жасылға бөлеп, жайнап тұратын. Мешіттің айналасында басқа да бақшалар, хауыздар, фонтандар мен су желілері болатын. Мұсылмандардың дәрет алуы үшін көптеген батырмалар жасалған болатын. Мешіттің едені ең сәнді мәмәр тастарымен әшекейленген еді. Тәбесіне қолданылған Ливан ағаштары ерекше әсемдік, ерекше айбат беріп тұрғандай. Дуалдар мен төбесінде өте көркем ою-өрнектер мен жазбалар болды. Түн ауғанда мешіттегі мыңдаған күміс шырақтардан тараған жарық мешітті жарқыратып жіберетін. (Жалғасы ертең)