Untitled Document

Тарих... Андалусия мемлекеті (1)

Төмендегі деректер 1894 жылы Германияның Вюрцбург қаласында басылған Принц Салватор, Профессор Граус, теолог Кирчбергер, Барон вон Вибра тарапынан дайындалған «Спаниен» (Испания) атты кітаптан алынған:

«Испанияда ең маңызды, көрнекті қалалардың бірі Кордова қаласы. Бұл қала кезінде Андалус Ислам мемлекетінің орталығы еді. Тарық бин Зиядтың қолбасшылығындағы мұсылмандар 711 жылы Испанияны алғандарында осы қаланы астана етіп тағайындады. Арабтар бұл өлкеге мәдениет әкелді. Жартылай жабайы халдегі бұл өлкені толыққанды мәдени қалаға айналдырды. Үлкен сарай (Әл-Қаср) ауруханалар, медреселер салдырды. Сонымен қатар үлкен университет құрды. Еуропадағы ең алғашқы университет осы еді. Ол кезге дейін Еуропалықтар ғылымда, медицинада, шаруашылықта және мәдениетте өте кері қалған болатын. Мұсылмандар оларға ғылым, мәдениет әкеліп, оларға ұстаздық етті. Андалус Ислам мемлекетін құрған бірінші Хишам бин Абдулмалик (рахимаһумуллаһ) Кардовода өте үлкен мешіт тұрғызуды ойлайды. Бұл мешіттің Бағдаттағы мешіттерден әлде қайда үлкен, көркем және зәулім болуын қалады. Кардовада бұған ең ыңғайлы жерді таңдады. Ол жер бір христиан кісіге тиесілі еді. Ол кісі жері үшін өте қомақты ақша  талап етті. Өте әділ болған Абдуррахман қаласа ол жерді мәжбүрлеп, тартып алса да болар еді. Бірақ мұндай іске бармады. Керісінше әлгі христианның сұраған ақшасын төледі. Христиандар бұл ақшамен өздеріне  кішігірім үш шіркеу тұрғызды. Мешіттің құрылыс заттарының көбісі шығыс елдерінен әкелінді. Ағаш бөліктері Ливанның ең керемет ағаштары, мәрмәр бөліктері шығыстың түрлі аймақтарынан түрлі-түсті мәрмәрлар, Ирактан және Сириядан құнды тастар, інжу-маржандар, піл сүйектері және т.б. шикізаттар жан-жақтан осы жерге жиылды. Мешіт зәулім ғимарат түрінде ақырындап бой көтере бастады. (Жалғасы ертең)