Untitled Document

Ертең ... Арапа (арафа) күні мен түні

Арапа күні - құрбан айттың алдындағы күн. Арапа түні - арапа күні мен құрбан айттың бірінші күні арасындағы түн. Барлық қасиетті түндер сияқты бұл түнді де қадірлеуіміз керек. Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Арапа күнін құрметтеңдер! Өйткені, арапа - Аллаһу та’ала қадірлеген күн».  

«Арапа күні ораза тұтқан адамдардың екі жылдық күнәлары кешіріледі. Бірі өткен жылы, екіншісі  келер жылдың күнәлары».  

«Арапа күні 1000 рет Ықылас сүресін оқыған  адамның барлық күнәлары кешіріледі және дұғасы қабыл болады». (Барлығын бисмилләһпен оқу керек).  

«Арапа түні ғибадат жасағандар тозақтан босатылады».

 

Сұхбат ... Айт мерекесіне дайындық

Айттан бұрын тағам мен киім сатып алу, үй мен айналаны тазалау істері атқарылады. Мейрам күндері барлық адамдар таза киінеді. Балаларға жаңа киімдер алынады. Кедейлерге, жетімдерге сыйлықтар беріп қуантады. Айт намазынан кейін ер адамдар қабірге зиярат жасайды. Өткендердің, туысқандар мен дін ұлыларының рухына бағышталып Құран оқылады, дұға етіліп, садақа беріледі. Содан соң отбасының үлкендеріне, достарға, туыстарға, таныстарға барып хал-жағдайларын сұрайды.

Тәшриқ тәкбірлері оқылады

Арапа күні таң намазынан құрбан айттың төртінші күні екінді намазының соңына дейінгі 23 намазда барлық мұсылмандардың парыз намаздардан кейін сәлем бере сала «аллаһуммә әнтәссәлам...» демей, тәшриқ тәкбірін оқулары уәжіп.

Тәшриқ тәкбірі: Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар. Ла илаһә иллаллаһу уаллаһу әкбар. Аллаһу әкбар уә лиллаһил-хамд.  

Парыз намаздарынан басқа айт және жұма намаздарынан кейін де оқылады. Мешіттен шыққаннан кейін немесе сөйлескеннен кейін оқу міндетті емес.