Untitled Document

Құрбандық ... Құрбандыққа шалынатын мал түрлері және ерекшеліктері

1- Құрбандыққа тек қана қой, ешкі, сиыр және түйе шалуға болады. Басқа жануарлар құрбандыққа жарамайды.

2- Ұрғашы мал да, еркек мал да құрбандыққа болады. Қойдан еркегін және түсінің ағы қарасынан көп болғанын, ал ешкіден ұрғашысын сою сауапты болады. Бағалары бірдей болса, қой сою сиыр союдан да сауаптырақ болады.

3- Жүні қырқылған қойды құрбандыққа шалу және құрбандық үшін сатып алу мәкрух болады.

4- Қой-ешкі 1, сиыр 2, түйе 5 жастан асқан болуы керек. 6 айдан асқан қозы ірі болса, құрбандыққа шалуға болады.         

5- Бір көзі соқыр, ақсақ болып жүре алмайтын, тістерінің жартысы жоқ, құлағының немесе құйрығының басым бөлігі жоқ, бір аяғы шолақ немесе өлейін деп тұрған ауру мал құрбандыққа жарамайды. 

6- Киік секілді етін жеуге болатын жабайы жануарларды құрбандыққа шалуға болмайды. Жабайы өгіз (буйвол), жабайы түйе (лама) және жабайы қойдан да құрбандық шалуға болмайды. Шағылысқан (будан) болса мәселен жабайы қошқар мен үй қойы шағылысса, туған баласы құрбандыққа болады. Ал керісінше жағдайда яғни бір теке киікпен шағылысса, туылған баласы құрбандыққа болмайды, өйткені үкім бойынша анасына қаралады. Анасы үй жануары болса құрбандыққа болады.

7- Аталық бездері (жұмыртқалары) кішкентай, буаз (екіқабат), жүндері түлеп кеткен малды құрбандыққа шалу мәкрух болады.

8- Мұрны немесе тілі кесілген немесе көп мөлшері жоқ болған малдан құрбандық шалуға болмайды.

9- Қой-ешкіде бір, сиырда екі емшегі кесілген болса құрбандыққа болмайды, бірақ баласын емізе алатын болса болады.

10- Екі құлағы кесілген, біреуі түбінен кесілген, құйрығы кесілген, бір немесе екі құлағы жоқ болға мал құрбандыққа өтпейді.

11- Бір мүшесі сүйегінің бірінші буынына дейін мысалыға аяғы тізесіне дейін сынған (жұлынған) малдан құрбандық шалуға болмайды.

12- Құрбандық шалынатын өгізге міну немесе оған соқа қосып жер жырту мәкрух болады.