Денсаулық... Қарбыз
Жаз бойы бойымызды сергітіп, денсаулығымызға күш беретін өте дәмді де, шипалы дақылдың бірі – қарбыз.
¨ Қан айналым жүйесін жақсартады.
¨ Қарбыз суы қуық және зәр жолдарын жақсы тазартады.
¨ Ағзаны шлактардан тазартады.
¨ Бүйрек, бауырды тазалап, тас және құмдарды кетіреді.
¨ Қарбыздың 92 пайызы судан тұратындықтан бүйректің жұмысын жақсартады.
¨ Аз мөлшерде болса да құрамындағы ликопен жүрекке пайдалы.
¨ Құрамында көп мөлшерде В, С дәрумендері және антиоксидант бар.
¨ Құрамындағы калий мен бета-каротин жүрек ауруына қарсы ем.
¨ Қарбызға зімбір қосылып желінсе, қақырықты түсіреді.
¨ Қарбыздың калория мөлшері өте аз.
¨ Бірнеше тілімі бір күндік С витамині мөлшерін толтырады.
¨ Қарбыз ағзадағы зиянды заттарды, шектерді және қан тамырларын тазалайды.
¨ Сүйектің жетілуін жақсартады.
Күлімдейік...Жағажайда демалыс
Баласы жұмыстан келген әкесіне қарап: «Әке, бүгін дәрігерге қаралдым. Маған “денсаулығың жақсаруы үшін бір ай жағажайда демалуың қажет” деді. Бұған не дейсіз әке, қайда барамыз?»- дейді. Сонда әкесі: «Басқа дәрігерге барамыз» деген екен.