Untitled Document

Сұхбат... Төрт жағдай (1)

Дүниенің қуанышы да, қайғысы да, кеңдігі де, тарлығы да тұрақты емес. Дүниенің бұл өткіншіл жағдайларына алданбау керек. Бұларды сылтау етіп жамандықтардан құтқарушы және де Раббымыздың әмірі болған намазды тәрк етпеу керек. Имам Ғазалидің «Қиямет және ахирет» кітабынан үзінді:

Қияметте байлығы және мансабымен мұсылмандарды қинағандарға үндеу келеді: «Сендердің Аллаһу та'алаға ғибадат етулеріңе не тосқауыл болды?» Сонда олар: «Аллаһу та'ала бізге көп мал-мүлік пен абырой берді. Бұлар Аллаһу та'аланың бұйрығын орындауға тосқауыл болды»,- дейді. Оларға: «Мал-мүлік тұрғысынан сендер артықсыңдар ма, әлде Сүлейман алейһиссалам артық па?»- деп сұралады. Олар: «Сүлейман алейһиссалам артық»,- деп жауаптайды. Сонда: «Олай болса, маған ғибадат жасауға оған мал-мүлкі тосқауыл болмай, сендерге тосқауыл болды ма?!»- делінеді.

Одан кейін «Бәле-жала әһлі қайда?» - делінеді. Олар да әкелінеді. Олардан «Сендердің Аллаһу та'алаға ғибадат етулеріңе не тосқауыл болды?» - деп сұралады. Сонда олар: «Аллаһу та'ала дүниеде басымызға дерттер мен қиыншылықтар берді. Осы себептен зікірден және ғибадаттан мақрұм қалдық»,- деп жауаптайды. Олардан: «Дерт пен бәле тұрғысынан сендердің бастарыңа түскен қиындық көп пе еді, әлде Әйюб алейһиссаламға келген бәле-жала ма?»- деп сұралғанда, олар: «Әйюб алейһиссаламға келгені көп еді»,- деп жауап береді. Оларға: «Олай болса, Аллаһу та'аланы зікір етуге, Оның дінін құлдарына жаюға, ғибадаттарды орындауға Оған бәле-жала тосқауыл болмай, сендерге тосқауыл болды ма?!»- делінеді. (Жалғасы ертең...)