Untitled Document

Аңыз... Атасу

Сарыарқа өңіріне қарай ауған қазақтар қалмақтардан қашып келе жатып, Балқаштың бергі жағасына шаршап құлайды. Бұрын-соңды елсіз-күнсіз, иесіз жатқан далада шаршап жығылған жерлерін «Шаршаған», кейіннен Сарышаған атап кеткен. Осы өңірде біраз тұрақтап естерін жинаған босқындар Сарыарқаны бетке алып жүре береді, жүре береді. «Құлан өтпес, құс ұшпас» Бетпақтың шөліменен өткен жұрт елсіз-күнсіз шөл далада әбден шөлдейді. Үлкендері жүруден қалып, бір екі жасты су іздетіп, алдарын барлауға жібереді. Көп уақыт өтпестен жігіттер алдарында айдындай жарқырап ағып жатқан, жан-жағы қамыс пен шілікке бөленген жуас өзеннің үстінен шығады. Шөлден қаталап келген жастар жата қалып өзеннің суын мейірлері қанғанша жұтады, киімдерін шешіп, өзенге шомылып, шаршағандарын басады. Өзен жиегіндегі қалың қиыршық құмына аунап, біраз мызғиды. Әлден уақытта естеріне арттарында тосып отырған жұрттары түседі, торсықтарын суға толтырып алып, кейін қарай шабады. Алыстан ауыл шеті көрінгеннен: «Сүйінші, Ата! Су!» - деп жарыса айғайлап елге жетеді. Атасудың суына тойған халық, көтеріле көшіп, Атасу бойын мекен етіпті.

Дұғалар... Расулуллаһ алейһиссаламды түсте көру үшін

Түсінде сүйікті пайғамбарымызды көруді қалаған адам оған көп салауат айтуы және мына дұғаны үнемі оқып жүруі керек: «Аллаһуммә раббәл бәләдил харам уәшшәһрил харами уәлхилли уәррукни уәл харами уәррукни уәл мақам иқра алә рухи Мухаммәдин минәссәлам».

Хазреті Әбу Хурәйра Расулуллаһтан естігенін былай жеткізеді: «Жұма түні екі рәкат намаз оқып, әр рәкатында бір Фатихадан кейін бір Аятүл күрси, 15 рет Ихлас сүресін оқып, сәлем бергеннен кейін маған мың сауалат оқыған адам, келесі жұмаға дейін мені түсінде көреді».