Сұхбат... Қабірдегі сұрақ-жауаптар
Күнә істейтін мұсылмандар «Фасық» деп аталады. Фасықтар мен барлық кәпірлер қабірде азапқа тартылады. Бұлай болатынына әлбетте сену қажет. Мәйіт қабірге қойылған кезде біз білмейтін бір өмірмен тіріліп, рахаттық немесе азап көреді. Мүнкәр және Нәкир есімді екі періштенің белгісіз болған қорқынышты адам кейіпінде қабірге келіп, сұрақ сұрайтынын хадис шәрифтер айқын білдіруде. Қабір сұрақтары кейбір ғалымдардың айтуынша, кейбір сенім мәселелерінен болады, ал кейбірлерінің айтуынша толықтай ақидадан болады. Сондықтан, бала-шағамызға «Раббың кім? Дінің не? Кімнің үмбетісің? Кітабың не? Құбылаң қайда? Сенімде және амалда мазһабың қандай?» деген сұрақтардың жауабтарын үйретуіміз керек! (Жауаптары: Раббым Аллаһ, Дінім Ислам, Мұхаммед пайғамбардың (алейһиссалам) үмбетімін, Кітабым Құран кәрім, Құбылам Қағба, сенімде мазһабым әһли сүннет уәлжамағат, амалда мазһабым Ханафи мазһабы) Әһли сүннет болмаған адамның дұрыс жауап бере алмайтындығы «Тәзкире-и Қуртуби»-де жазылған. Жақсы жауап бергендердің қабірі кеңейеді, бұл жерге жәннаттан бір терезе ашылады. Таңертең және кешке жәннаттағы орындарын көріп, періштелер тарапынан жақсылықтар жасалады, сүйіншілер беріледі. Жақсы жауап бере алмаса, темір тоқпақтармен қатты ұрылатындығы соншалық, оның бақырған дауысын адам мен жыннан басқа бүкіл болмыс естиді. Қабірдің кішірейетіндігі соншалық, сүйектері бір-біріне өтіп кететіндей қысады. Тозақтан бір терезе ашылады. Таңертең-кешке тозақтағы орнын көріп, қабірде махшарға дейін ауыр азаптар шегеді.