Untitled Document

Денсаулық... Өрік

Жаз мезгілінің өте пайдалы жемістерінің бірі өрік. Құрамы талшықты, ферумға (темірге) қанық келетін, табиғи шекері және калориясы төмен болатын өрікті жеу – адамның ұзақ уақыт тоқ жүруін қамтамасыз ететіндіктен диетолог мамандар тарапынан да ұсынылатын азық түрі. Іш қатуы келеңсіздігінің ең табиғи шешімі осы өрікті тұтыну болып табылады. Өріктің құрамындағы пектин, талшық және целлюлоза тоқ ішектің пайдалы әсер етумен қатар ішектердің жақсы жұмыс ісетуін қамтамасыз етеді. Күніне 3-4 өрік жеу іш қатуы және т.б. асқазан мазасыздықтарына шешім бола алады. Іш қатуы мен желдену жағдайларында өрік компотын тұтыну да пайдалы. Өйткені өрік қайнатылғанда ішіндегі талшықтар өзгеше құбылып іш қатуына қарсы әсер етеді.

Өріктің жемісі мен дәні адам денсаулығы үшін өте пайдалы. Әсіресе А, В1, В2, В3, В6, С және Е дәрумендері арқылы тері үшін әсері ғылыми дәлелденген әсерлерге ие. Терінің әжімге, қартаюға төзімділігін арттырады.  

Дұғалар...Кәлима-и тәнзих

“Субханаллаһи уә бихамдиһи субханаллаһил-азыйм.” Бұл кәлимә-и тәнзиһ «Мәктубаттың аудармасы» кітабының 307 және 308-ші хаттарында жазылған. Мұны таңертең және кешке 100 рет оқыған адамның күнәлары кешіріледі. Дерттерден, бәлелерден құтылады. Күнә істеуден сақтанады. (Қысқаша мағынасы: Кәміл сипатты және кемшіліктерден пәк болған Аллаһқа хамд (шүкір) және тәсбих айтамын).

Хадис шәрифтерде былай делінеді: «Айтылуы жеңіл (оңай), ал таразыда ауыр басатын және кешіруші Аллаһ алдында ең құнды екі сөйлем: Субханаллаһи уә бихамдиһи, Субханаллаһил азыйм». (Мүслим)

«Күніне жүз рет "Субханаллаһи уә бихамдиһи" деген адамның күнәлары теңіз көбігіндей көп болса да, кешіріледі». (Мүслим)