Сұхбат... Мейірімділік (1)
Дінін үйренген және соған сәйкес өмір сүрген адам дос, дұшпан барша адамдарға жылы жүзді, жұмсақ мәміледе болады және ешкіммен айтысып, сөз таластырмайды. Бәріне мейіріммен қарайды және кешірім сұраған адамдарды кешіреді, кемшілігін көрмейді, олардың берген зияндарына зиянмен жауап бермейді. Хазреті Абдуллаһ Бәлйани былай деген: «Мұсылмандық тек намаз оқу, ораза тұту және түндерде ғибадат етумен шектелмейді. Бұлар онсыз да әрбір мұсылманның істеуі керек болған құлдық міндеттері. Шынайы мұсылмандық ешкімді ренжітпеу. Мұны атқара алған адам Аллаһу та’аланың разылығына қауышады.»
Мұхаммед Салим хазреттерінен “Адамның шынайы мұсылман екендігін қалай аңғаруға болады?” деп сұрағанда “Күлімдеген жүзді, көркем мінезді, жылы сөзді, жомарттығы, ешкіммен сөз таластырмауы, кешірім сұрағанды кешіруі және бәріне мейірімділік етуінен аңғарылады” деп жауап берген.
Адамның ең алдымен өзіне мейірім етуі керек. Өзіне мейірім етуі дегеніміз өзін мәңгі азаптан құтқаруы, яғни иман етуі және исламды үйреніп, ұстануы, Ислам бойынша амал етуі деген сөз.
Көңілде иман болған кезде мейірімділік және қайырымдылық сезімдері онымен бірге болады. Көңілде бұларды ұстап тұра алу үшін Ислам ғұламаларының сөздерін оқу және ешкімі жоқтарға, кедей-кепшіктерге қамқор болу, оларға көмекші болу керек. Ешкімді ғайбаттамау керек және ғайбаттағандарға кедергі болу керек. Жақсылық істеу керек, күнә істеуден сақтану керек. Күнәдан сақтанған адам өзіне де, өзгелерге де мейірім еткен болады. Пайғамбарымыз сахабаларына: «Жәннатқа тек мейірімділер ғана кіреді» деп бұйырғанда ол жерде болғандардан кейбіреулері: «Йа Расулаллаһ біз бәріміз мейірімдіміз» дейді. Пайғамбарымыз «Бірақ сендердің мейірімдерің тек өз бастарыңмен шектелмеуі тиіс. Керісінше мейірім бүкіл адамзатқа болу керек. Шынайы мағынада адамдарға мейірім етуші тек Аллаһу та’ала» деген. (Жалғасы ертең...)