Ғылым... Ғаламдағы жүйе
Манчестер университетінің профессоры Брайн Фокстың жер, ай, планеталар, құс жолы және басқа да галактикалар жайлы, жер планетасынан басқа жақта өмір жоқтығы жайлы дайындаған бейне материалы назар тартарлық мәліметтерге толы. Ғалымның еңбегі ғаламның ғажайып заңдылығын еске салады. Жерге құлап жататын метеоридтерді білеміз. Бұл метеоридтердің әрбірі бөлшектенген жұлдыз деген сөз. Бәлкім жүздеген жылдар бұрын жарылып бөлшектенген жұлдыздың бөлшегі. Міне осы метеоридтер өз кезегінде табиғатта кездесетін 92 елементтің негізі. Ғалым жер асты қазба байлықтардың көпшілігі осы метеоридтерден қалыптасқан деседі. Яғни жұлдыздар мен планеталар жерге қызмет етуі үшін және адамзаттың өмір сүруі үшін жерге қызмет етуде. Бүкіл ғалам адамзаттың қызметіне жаратылған. Айтылған тағы бір мәселе ғаламның өмірі және қашан жойылатыны жайлы болды. Фокстың мәлімдеуінше бұл сұрақтың жауабы планеталардың әрекетіне байланысты. Планеталар өмірін жалғау үшін өз іштеріндегі ядродан қуат алуда. Кез келген энергия секілді, бұл қуаттың да күндердің күнінде соңы тақап, алатын қуаты қалмаған планета өз өзін кеміріп кішірейе бастайдайды. Соңында қатты ысынып жарылады. Мұның бәрі әрине мектептен алған тәлімдерден белгілі. Бұл деректі фильм жердің, ғаламның мәңгі емес екендігін соңында жоқ болатынын тағы да бір еске салды. Бұл ілім кішкентайымыздан ата-әжелерімізден, діни деректерден көп естіп үйренген мәліметтер. Мұны ғылымның өзі де мойындап тұр. Бұл деректі фильмі бүкіл осы орасан-зор жүйенің «Жаратушы» тарапынан емес, кездейсоқ өздігінен пайда болған дейтіндердің қаншалықты ақымақ екендігін тағы бір рет еске салды.