Әдеп-ахлақ... Сараңдық түрлері
Сондай-ақ сараңдық дегенде көбінесе материалдық, яғни мал-мүліктегі ашкөздік ойға келеді. Алайда мал-мүлікпен қоса сараңдық уақытта, дене мүшеде, сөзде, білімде және т.б. пайдалы ниғметтерде де болады. Яғни бұл ниғметтерді діннің үкімі бойынша және адамгершіліктің қажет ететін жерлерге бермеу, қолданбау да сараңдық болады.
Бұл тақырыпта Юсуф Синануддин хазреттері былай деген: «Сараңдық мал-мүлікті жинап, қайырлы жерлерге жұмсамаумен ғана шектелмейді. Ғибадаттарын орындамайтын адам да өзіне сараңдық еткеніндей, пайғамбарымыздың атын естіп салауат айтпаған, мұсылмандарға кезігіп оларға сәлем бермеген адам да сараңдық еткен болады».
Аллаһу та’ала сыйлаған ілімді, пайдалы нәрселерді адамдарға айтпау, үйретпеу де сараңдық. Ал мұның терісін айту, яғни қате нәрсені айту болса, одан өткен сараңдық.
Мал-мүлкін қайырлы құрылымдарға, кедейлерге беруді ұйғарған кісіге «Мүлкіңе тиіспей қоя тұр. Қазір қажеттіліктер көбейген заман. Өзіңе де әлі керек болады. Егер қазір қайырымдылыққа беріп жіберсең ертең кедей болып қаласың» деп өзгенің істейін деп тұрған жақсылықтарына тосқауыл болу да ең үлкен сараңдықтардан.
Аллаһу та’ала мұсылмандарға күніне бес уақыт намазды парыз еткен. Бір күндік парыз намаздардың қосындысы 17 рәкат. Уәжіп, сүннеттерін де қосқанда барлығы 40 рәкат. Әр қайсысын 1 минуттан есептегенде шамамен 40 минуттық уақыт. Демек Аллаһу та’аланың берген 24 сағатының ішінен 40 минутын Аллаһу та’алаға бөлмеген адам сараңдық еткен болады. Ал уақытын Аллаһу та’аланың тыйым салған нәрселерде қолданғандар болса, харамдарға, ішкілікке, құмар ойындарына сарп етсе ысырап еткен болады.