Untitled Document

Әдеп-ахлақ... Сараңдық

Дін, ождан және адамгершілік тұрғысынан беру керек болған жерлерде бермеу және беруге қиналу сараңдық болып табылады. Аллаһу та’ала нисап мөлшерінде байлық берген адам уақыты келгенде оның зекетін, пітірін бермесе және құрбандығын шалмаса, бала-шағасының да нафақасын толық бермесе бұл адам сараң деген сөз. Аллаһу та’ала Құран кәрімде былай дейді:  

«Хақ та’ала ихсан етіп берген мал-мүлікте сараңдық еткендер, оның зекетін бермегендер осы тірліктерімен байлықтарын сақтап қалып, өздеріне жақсылық жасадық деп ойлайды. Ал негізінде өз-өздеріне жамандық жасады. Ол мал-мүліктер жаһаннамда азап құралдарына айналады, жылан кейпінде мойындарына оралып, бастан аяққа дейін шағады.» (Али Имран 180) 

Хадис шәрифте: «Сараңдықтан сақтаныңдар! Өйткені сараңдық сендерден бұрынғылардың опат болуына себеп болды» делінді. (Тәбйинул-Мәхарим) 

Кей адамдар өте бай болады, ешкімі жоқ, қартайған, өлгеннен кейін мал-мүлкінің басқаға қалатынын біле тұра, дүниелікке беріліп кеткендіктен зекетін бермейді, ауырса дәрігерге қаралмайды, бірнеше дәрі алумен шектеледі. Тіпті өз малын жеуге қорқады. Негізінде ақша адамның қажеттіліктеріне қауыштыратын құрал болып табылады. Ал сараңдар осы құралды жақсы көреді. Хадис шәрифте: «Алтын мен күмістің құлына (яғни ақшаға табынғандарға) лағынет болсын!» делінді.