Күннің тарихы ... Осман бин Аффан – зиннурайн (радиаллаһу анһ)
Хазреті Осман радиаллаһу анһ пайғамбарымыздың күйеу баласы. Сахабалардың ең үстемдерінен, ашара-и мубашшараның (жәннатпен сүйіншіленген он адамның) және төрт ұлы халифаның үшіншісі. Орта бойлы, сақалы қалың, сарғыш реңді, әдемі жүзді еді. Бәдір соғысынан басқа соғыстың бәріне қатысты. Намаздың бір рәкатында бүкіл Құранды оқыған төрт адамның бірі. Көп оқығандықтан екі мусхаф тоздырады. Хазреті Әбу Бәкірдің жинаған Құран кәрімінен тағы алты нұсқа жаздырып, алты жерге жіберді.
Ислам діні тарала бастағаннан кейін сан тараптан мұсылман болғандар Мәдина Мунаууараға келе бастады. Мәсжиди шәриф тар болғандықтан келгендер орын таппады. Далаға шатыр құрып отырды. Пайғамбарымыз Мұхаммед алейһиссалам «Кімде-кім біздің осы мешітті бір зра кеңейтсе, жәннатқа барады» дегенде, Осман (радиаллаһу анһ) “Йа, Расулаллаһ! Менің мал-мүлкім Сіздің жолыңызға пида болсын. Мен кеңейтемін” деді. Сөйтіп, мешітті қырық зра кеңейтіп берді.
Осы оқиғадан кейін Аллаһу та’ала «Аллаһу та’аланың мешіттерін тек Аллаһқа және ахирет күніне сенетін, намазды толық оқитын, зекет беретін және Аллаһу та’аладан қорқатын адамдар жөндейді. Осы сипаттағы кісілерге жәннатқа апарушы амалдарды жасауы керек» мағынасындағы Тәуба сүресінің 18-аятын жіберді. Хазреті Осман туралы айтылған хадис шәрифтердің біршамасында былай делінеді:
«Осман жәннатта». (Тирмизи)
«Менің жәннатта досым Осман». (Тирмизи)
«Османның шапағатымен тозақтық 70 мың адам сұрақсыз жәннатқа кіреді». (Ибн Асакир)