Сұхбат... Мұсылманның қорқуы керек болған жайттар
Имансыз өлуден қорқу... Ең көп қорқу қажет болған нәрсе осы болу керек. Адам өмір сүріп жатқан осы дүние өмірінде иманын қорғай алған және иманмен соңғы демін бере алған болса, ол кісі бақытты. Аллаһ сақтасын, имансыз өлген кісі жасаған ешбір ғибадатының, ешбір жақсылығының марапатын көре алмайды, мәңгі бақи тозақта азапталады. Иманмен жан тапсыру үшін күнә атаулыдан аулақ жүріп, ғибадаттарды орындап өмір сүру керек. «Адам қалай өмір сүрсе, солай өледі. Қалай өлсе, солай тіріледі.» Ал мұның терісі өте сирек кездеседі.
Күнә істеуден қорқу... Кирамән катибин періштелері біздің барлық амалдарымызды жазып жатыр. Ахиретте бізді ұятқа қалдыратын және азапталуымызға себеп болатын күнәлардан қатты сақтануымыз керек. Жасаған күнәларымызды біз ұмытуымыз мүмкін, бірақ періштелер ұмытпайды, бәрін жазып сақтап қояды.
Шайтанның амалдарымызды бұзуынан қорқу... Шайтандар бізге күнә істеткізумен шектеліп қалмайды, жасаған ғибадаттарымызды да бұзуға, жоюға тырысады. Жасаған амалдарымызды бізге ұнатқызып, осылайша бізді тәкәппарлыққа, менмендікке итермелеп, сауаптарымызды өшіруге тырысады.
Әзрейіл алейһиссаламның рухымызды кенеттен алуынан қорқу... Адам қашан өлетінін білмейді, кез келген сәтте өлуі мүмкін. Ертенгі күнді аман-сау қарсы алатынына ешкім сенімді емес. Жол апаты, жүрек ұстап қалуы сияқты себептермен адам өмірімен қоштасуы мүмкін. Ертенгі өмірімізге сенімді емес екенбіз, олай болса әрдайым өлімге дайын болып жүруіміз қажет.
Дүниенің бізді алдауынан қорқу... Бүкіл жамандықтардың басы – дүниелікті жақсы көру. Тәкәппарлық, көре алмаушылық, кек сақтаушылық, дұшпандық, біреуді алдау, өтірік айту, біреуді қорлау сияқты үлкен күнәлардың бәрі осыдан туындайды.