Білесіз бе... Неге теңіздің түсі көк болады?
Біздің көзімізге көрінетін теңіздің көк түсі – теңіз суының бетіндегі күн сәулесінің ыдырауынан пайда болатын түс.
Су күн жарығын біркелкі түрде өткізбейді. Теңізде қысқа толқынды жарық сәулесі ұзын толқынды жарық сәулесіне қарағанда тез өтеді. Қысқа толқындар спектрдің көк бөлігіне, ал ұзын толқындар қызыл түсіне сәйкес келеді. Шыны ыдыста судың аз қабаты көретіндіктен сәулелердің өту айырмашылығы байқалмайды. Ал теңізге түскенде жүздеген метр терең судағы күн сәулесінің ыдырауы көрінеді. Суда көк түс аз жұтылатындықтан судың түсі де көк болып көрінеді. Сонымен қатар су көк түсті емес сия түсті және ультра күлгін сәулені өте жақсы жұтады. Сондықтан басқа жерлерге қарағанда теңіз жағалауында күнге күю ықтималы басым болады.
Бала тәрбиесі... Қорқыныш кинолары
Қорқыныш және зұлымдыққа негізделген кинолар балаларды агрессивті болуға, келеңсіз қылықтарға бағыттайды. Мұндай киноларды балалардың көруі рух саулығы тұрғысынан да өте зиянды. Қорқыныш пен зорлық-зомбылыққа негізделген кинолар мектепке дейінгі балалардың қиял күшін шектен тыс азықтайды. 3-6 жас аралығындағы балалар үшін бұлардың шындық емес екендігін түсінуі қиын болады. Мәселен супермен фильмін көрген бала өзінің де кинодағыдай ұша алатынын ойлап, кинода көрген әдеттен тыс әрекеттерге қол ұруы мүмкін.