Сұхбат... Үш нәрсе
Аллаһу та’ала адамдардың иман келтіруіне, ғибадат жасауларына мұқтаж емес. Кәпір болуының, күнә жасауының Оған ешқандай зияны тимейді. Ол махлұқтарына (жаратқан нәрселеріне) мүлдем мұқтаж емес. Аллаһу та’ала ілімді қараңғылықтың тазаруына, ал надандықты күнәнің істелуіне себепші қылды. Ілімнен иман және жақсы амал туындауда, ал надандықтан күпір мен күнә пайда болуда. Жақсы амал өте кішкентай болса да, қолдан жіберіп алмау керек! Күнә кішкентай болып көрінсе де, мүлдем жоламау керек! Ислам ғалымдарының айтуынша, үш нәрсе үш нәрсеге себеп болады: жақсы амал – Аллаһу та’аланың разылығын алуға, күнә істеу – Аллаһу та’аланың ашуына себеп. Иман келтіру – қадірлі, құрметті болуға себепші. Сондықтан, кіші күнә істеуден де қатты сақтану керек. Аллаһу та’аланың ашуы осы күнәда болуы мүмкін. Әр мүминді өзінен жақсы деп санау керек. Ол мүмин Аллаһу та’аланың өте жақсы көретін құлы болуы мүмкін.
Зеректік жұмбағы... Қай жыл
2021 жылы жасы жыл сандарының қосындысына тең болған адам қай жылы туылған?
(Жауабы ертең...)