Untitled Document

Ғибрат... Жәннаттағы сарай

Хазреті Беқа бин Бату Иракта өмір сүрген әулие, ғұламалардың бірі. Бір күні жамағатқа қарап: «жақсылықтардың ішіндегі ең жақсы екеуін айтайын ба?»- деді. Жамағат: «Әрине, айтыңыз»,- дегенде: «Біріншісі – дұрыс иман, Аллаһу та’алаға дұрыс иман келтіру. Екіншісі – адамдарға жақсылық жасау»,- дейді. Сосын сөзін былай жалғасырады: «Алдымен ата-анаға және ұстазға, сосын отбасыңа, туған-туыстарыңа, достарыңа сосын жақыннан ұзағына қарай адамдардың бәріне»,- деген екен. 

Бір күні шәкірттерінің біріне:

- Жәннаттағы сарайға ие болғың келе ме?-деп сұрайды. Шәкірт:

- Әрине ұстаз,- деп жауап береді.

- Олай болса, сеніңкі дұрыс болса да, бұрыс деп қабылда.

- Қалай сонда?

- Сеніңкі жөн бола тұра, қарсыңдағы адамға сеніңкі дұрыс де.

- Сонда сарай беріле ме?

- Иә, пайғамбарымыз алейһиссалам: «Өзінікі дұрыс бола тұра, “кінә менде, сенікі дұрыс” деп айтқан адамға жаннатта зәулім сарай беріледі, мен бұған кепілмін»,- деген.

Хикмет...Жазылып жатқан кітап

      Бір адам тоқтаусыз боғауыз, боқтау сөздер айтып жатқан еді. Сол кезде жолдан өтіп бара жатқан бір кісі оған былай деді: «Сен өзің не айтып тұрсың! Айтып жатқан сөздеріңе мұқият бол! Біліп қой, сен қазір раббыңның құзырына шығарылатын, кітапқа жазылып жатқан сөздерді айтудасың. Сондықтан бұл кітабыңды жаман нәрселермен толтырма!»