Дұғалар... Кәлима-и тәуһидтің құндылығы
“Лә илаһә иллаллаһ, Мухаммәдун расулуллаһ” (Мағынасы: Аллаһтан басқа жаратушы жоқ, Мұхаммед алейһиссалам Оның расулы). Хадис шәрифтерде былай делінеді:
«“Лә илаһә иллаллаһ” деп көп айтып имандарыңды жаңалаңдар!» (Табарани)
«“Лә илаһә иллаллаһ деп айту 99 бәленің алдын алады. Олардың ең төмені – қиыншылық». (Дәйләми)
«“Лә илаһә иллаллаһ” деген адамның күнәлары жойылып, орнына соншалықты мөлшерде сауап жазылады». (Әбу Йала)
«Өлім халіндегілерге “лә илаһә иллаллаһ” деп айтуын талқын етіңдер, оларды жаннатпен сүйіншілеңдер. Шайтанның адамға ең жақын сәті осы уақыт» (Әбу Нуайм)
«Ауыр халдегі науқасты “лә илаһә иллаллаһ” деп айтқызу үшін қинамаңдар, тек есіне салып тұрыңдар». (Дара Кутни)
«Соңғы сөзі “лә илаһә иллаллаһ” болған адамның рухы оңай шығады және ол сөзі қияметте өзіне нұр болады». (Хаким)
«Күнде 100 рет “лә илаһә иллаллаһ” деген адамның жүзі қиямет күні толған айдай болып жарқырайды». (Табарани)
(Жүзіншісінде “Мухаммәдун расуллуллаһ” деп қосып айтқан жақсы болады. Тәжуидпен оқылғанда “Мухаммәдур-расулуллаһ” делінеді.)
Мазхар Жан-и Жанан хазреттері бір қабірдің басына отырғанында: «Бұл қабірде жаһаннам оты бар. Хадис шәрифте: «Өзі үшін немесе басқа мұсылман үшін 70 мың кәлимаи тәуһид айтқан адамның күнәлары кешіріледі» делінген. Бұл адамның рухына хатми тәһлил сауабын бағыштаймын. Иншаллаһ, кешірілер» деді. Хатми тәһлилдің сауабын бағыштағаннан кейін «Әлхамдулиллаһ, мына күнәһар әйел кәлимаи тәһлилдің арқасында азаптан құтылды» деді. (Мақамати Мазхарийа)