Untitled Document

Рамазан сұхбаты... Ашықша күнә істеу

Рамазанда жұрттың көзінше тамақ жеу үлкен күнә. Нәпсінің қалауына еріп, күнә істегендер де күнәсын жасыру керек. Мұның бірнеше тұрғыдан пайдасы бар:

1) Егер жасаған күнәмыз халықтың көзінен жасырын болса, бұған қуану керек. Өйткені Аллаһу та’ала: «Күнәны жасырыңдыр!» деп бұйырған. Пайғамбарымыз да былай деген: «Адам күнәсын бұл өмірде жасырса, Аллаһу та’ала да қияметте бұл күнәны өзге құлдардан жасырады». (Мүслим)

2) Аллаһу та’ала ашықтан, ешкімнен қысылмай күнә істегендерге көбірек дұшпан болады. Бірақ өкініп күнәсын жасырғандарды, жасырғаны үшін кешіруі мүмкін. Хадис шәрифте келуі бойынша: «Бір күнәға қол ұрған кісі күнәсын жасырсын! Аллаһтың пердесін ашпасын!» (Мүслим)

3) Күнә істеуде еш болмағанда халықтан ұялу қажет. Басқалардың өзі жайында ғайбаттауларына себеп болмау үшін күнәсын жасыру керек. Хадис шәрифтерде: «Ұялу бастан аяқ жақсылық» (Бұхари) «Ұят - иманнан» (Бұхари),  «Ұятсыздың діні болмайды және ұятсыз кісі жәннатқа кіре алмайды» (Дәйләми) делінген.

4) Адамдарға жаман үлгі болмау үшін басқалардың да күнә істеулерін бастап бермеу үшін күнәны жасыру қажет! Ең болмағанда осы себептерге байланысты ашықтан күнә істемеу, халықтан аулақ жерде де күнәлардан ұзақ тұруға әрекет ету керек. Өйткені күнәлардың барлығы өлтіретін удай. Иманды кісі күнәға қол ұрудан қорқады. Хадис шәрифте былай бұйырылды: «Мұсылман әр күнәсын таудай көріп, астында қалып кетуден қорқады. Ал мұнафық болса, күнәларын мұрнына қонған, ұшып кететін шыбындай етіп көреді». (Бұхари)