Untitled Document

Насихат... Бақыттың рецепті

  • Арзан көлік қолдан, бірақ ала алғаныңша жақсы үй ал!
  • Жұбайыңды дұрыс таңда! Өйткені бақытыңның немесе бақытсыздығыңның 90% осы таңдауыңа байланысты.
  • Күніне кем дегенде 30 минут жаяу жүр!
  • Әр тамақтанудан бұрын және кейін шүкір ет!
  • Күніне 6 стакан су ішуді ұмытпа!
  • Сені жақсы көретіндерге және мұқтаждарға қамқорлық жаса!
  • Қалам және күнделігіңді үнемі жаныңда алып жүр!
  • Уақытыңды және сөздеріңді бос нәрселерге жұмсама!
  • Алғашқы көмек және денсаулық жөнінде ілімдерден хабардар бол!
  • Көз алдыңда үнемі әдемі нәрселер болсын!
  • Балаларыңды түсінуге тырыс, жазалауға емес!
  • Жоғалтатын ешнәрсесі болмаған адамдардан қорық!
  • Жанұяңдағыларды сынға алғың (айыптағың) келгенде тіліңді тісте!
  • Бір адамның құпиясын жариялаудан бұрын екі рет ойлан!
  • Адамдардың жасаған жаман нәрселерін емес, келешекте жасайтындарын ойла!
  • Өзіңе жасалуын қаламаған нәрсеңді басқаларға да жасама!

Насихат ...Ислам ғалымдарының сөздері

  • Адамдарға рахмет айтпаған, Аллаһу та’алаға шүкір етпеген болады.
  • Жетістікке жетудің, табысты болудың шарты қарапайым мінезді, кішіпейілді болу.
  • Хараммен қоректенген денені жаһаннам оты жағады.
  • Мұсылман – қолынан және тілінен ешкімге зияны тимейтін адам.
  • Бұл заман адамдарға мейірімді болу заманы, ашулану заманы емес.
  • Қарсыңдағы кәпір де болса өзіңді одан үстем көрме! Өйткені ертең не болатыны белгісіз. Маңызды болғаны соңы.
  • Мұсылманға тәкаппарлық, мақтаншақтық жараспайды.
  • Сырат көпірінде алты нәрседен сұралады; иман, намаз, қажылық, зекет, ғұсыл және құл ақылары.