Сұхбат... Дүние – ахиреттің егістігі
Дініміз дүние үшін де, ахирет үшін де жұмыс істеуді әмір етуде. Хадис шәрифте: «Мүлдем өлмейтіндей дүние үшін, ертең өлетіндей ахирет үшін жұмыс істеңдер!» делінеген. (Ибн Асакир)
Имам Мауәрди хазреттері: «Дүние – жұмыс істеу орны. Хадис шәрифте «Дүние – қандай жақсы көлік. Оған мініңдер, сендерді ахиретке жеткізсін!» делінген. Ахирет азығын дайындайтындар үшін молшылық мекені» деген.
Дініміз дүниелікке беріліп кетуді, оны жақсы көруді жамандаған. Яғни «Көлік қандай тамаша екен» деп, онымен әуре болып, мақсатқа жете алмау жамандалған. Хадис шәрифте: «Дүниені жақсы көру – бүкіл күнәлардың басы» делінген. (Бәйһақи)
Мұхаммед алейһиссалам пайғамбар болып жіберілгенде, шайтандар Ібілістің жанына жиналып, қайғыларын білдіреді. Бұған орай Ібіліс оларға «Олар дүниені жақсы көреді ме?» деп сұрады. Олар «Иә» деген кезде: «Олай болса, қайғыратын ештеңе жоқ. Оларға жаман жолдан ақша тапқызамын. Қажетсіз шығындар жасатып, қажетті жерлерге жұмсатқызбаймын. Онсыз да барлық жамандық осы үш нәрседен келеді» дейді.
Имам Раббани хазреттері былай деген:
«Дүниелік істердің дұрыс кетпеуінен және жағдайларыңды реттей алмағандарыңнан қамықпаңдар! Себебі дүниелік істер қайғыруға арзымайды. Бұл дүниеде бар болған бүкіл нәрсе өтеді, жоқ болады. Аллаһу та’ала разы болған нәрселердің соңынан жүгіру керек. Қиын болса да, оңай болса да, бұларды орындауға тырысу керек.» (1/150)
Демек, көлікті (дүниені) жақсы көрумен әуре болмай, бұл құралды пайдаланып ахирет бақытына жеткізетін сауапты амалдар жасауға, адамдарға пайдалы болуға тырысу керек!