Денсаулық... Көз саулығы
Қыстан жазға өтпелі кезеңде адамның көбі көз көруінің әлсірегенін және көздің құрғақтанып, көзге құм түскендей сезім пайда болғанын байқайды. Бұған көру ағзаларының қалыпты жұмыс істеуіне қажетті болған дәрумендерді аз тұтыну себеп болуы мүмкін. Бұл жағдайда ымырттық көру қабілеті мен контраст және айқын көру деңгейі төмендеуі мүмкін. Күннің алғашқы жартысында көздің көру қабілеті жақсы болып, екінші жартысында нашарлағанын байқауға болады.
Егер көздің көруі нашарлап, көзіңіз көбірек құрғақтанып, қызарып, сондай-ақ жайсыздық пен құм тұрған сезім бар болса, оның себебі конъюктивтің қабынуы да болуы мүмкін. Егер де пациенттің көзіне теріскен шықса, бұл да көктемгі гиповитаминоздың нышаны болуы ықтимал.
Шуақты күндердің саны көбейгенде ультракүлгін деңгейі артып кетеді, сондай-ақ адамдар да күн көзінде көбірек жүруге тырысады. Бұл бір жағынан көздің ішкі тор қабығының контрасттық сезімталдығын төмендетуі мүмкін, сондай-ақ аллергиялық реакцияларды (күнге ғана емес, енді пайда бола бастаған өсімдік тозаңына да) көбейтіп жіберіп, көзді құрғақтандырыруы әрі жайсыздыққа ұрындыруы мүмкін.
Жоғарыда тізіліп шыққанның бәрі функционалды және қайта қалпына келтіруге болатын өзгерістер болып саналады. Бірақ көзге ақ түсу (катаракта), көз торы дистрофиясы, тамыр аурулары, қант диабеті т.б. кеселдер сияқты көру қабілетінің нашарлау себептерінің органикалық түрлері де бар.
Көру қабілетінің нашарлауы — әрбір нақты жағдайда жеке-жеке емдеу қажет болатын көп таралған проблема. Көз болатының таюына әкеліп соққан себептерді дәрігер-окулист айқындайды.