Untitled Document

Жалғасы... Көре алмаушылықтың соңы (2)

Ғалым әдеті бойынша қайтадан патшаның қасына барады. Патша оны көріп таң қалып, сұрайды:

- Сен хатты не істедің?

- Хатты алып бара жатқанымда сіздің уәзірлеріңіздің бірі хатты беруімді сұрады, соған бердім.

- Кеше сол уәзір маған, сенің “Патшаның аузы сасиды” деп айтып жүргеніңді жеткізді. Сол рас па?

- Мүлдем ондай ештеңе айтпадым.

- Олай болса неге кеше алдыма келгеніңде аузыңды жаптың?- дегенде, ғалым сол уәзірдің оны асқа шақырып сарымсақ қосылған тамақ бергенін және сарымсақтың иісімен патшаның мазасын алмау үшін аузын жапқанын айтады. Патша «сенің айтқан насихатың дұрыс екен» деп ғалымның сөздерін қайталап шықты: «Жаманға өзінің жамандығы жеткілікті болды. Хаседші (көре алмаған) уәзір жазасын тартты».

 

Дұғалар...Юнус алейһиссаламның дұғасы

“Лә илаһә иллә әнтә субханәкә инни кунту минәззалимин”. (Мағынасы: Сенен басқа тәңір жоқ. Сен бүкіл нұқсандықтардан пәксің. Шынында, мен қателік еткендерден, құрметсіздік еткендерден болдым). Юнус алейһиссаламның осы дұғасы балық қарнынан құтылуына себеп болған. Бұл дұғаны көп оқып жүрудің пайдалары өте көп.

Хадис шәрифтерде былай делінеді: «Дерт және бәле келгенде Юнус нәбидің оқыған “Лә илаһә иллә әнтә субханәкә инни кунту минәззалимин” зікірін айтқан адам дерт және бәледен құтылады». (Тирмизи, И. Сүнни)

«Ауру адам қырық рет “Лә илаһә иллә әнтә субханәкә инни кунту минәззалимин” деп оқыса, шәһид болып қайтыс болады. Жазылса күнәлары кешіріледі». (Нәджатул-мусалли)