Untitled Document

Ғибрат... Имам Әузаидің насихаты

Хазреті Имам Әузаи насихат сұраған Халифа Жафарға былай дейді: Жәбрейіл алейһиссалам бір күні пайғамбарымызға келген еді. Расулуллаһ алейһиссалам оған: «Йа, Жәбрейіл! Маған тозақты түсіндір»,- дегенде Жәбрейіл періште: «Аллаһу та’ала тозаққа әмір етті. Мың жыл қызарғанша жанды. Бұдан кейін мың жыл тағы жанды, сап-сары болды. Мың жыл тағы жанып қап-қара болды. Сондықтан тозақ қап-қара және қараңғы. Алаулары мен паршалары жарық шашпайды. Сені пайғамбар етіп жіберген Аллаһу та’алаға ант етемін, тозақ киімдерінің бірі дүниедегілерге көрсетілсе, бәрі өледі. Егер тозақ сусындарының бірі дүниедегі суға төгілсе, одан ішкендердің бәрі өледі. Егер Аллаһу та’аланың білдірген шынжырдан бір аршын (қадам) дүниедегі таулардың үстіне қойылса, бүкіл таулар ериді»,- дейді. Мұны естіген пайғамбарымыз жылады, Жәбрейіл алейһиссалам да жылады және: “Йа, Мұхаммед! Сен де жылап тұрмысың, сені Аллаһу та’ала күнәдан қорғады емес пе?”- дегенде пайғамбарымыз: «Аллаһ та’алаға шүкір етуші құл болмайын ба?- деді... 

Ей, мүминдердің әміршісі! Ең үстем нәрсе тақуа. Өйткені кімде-кім Аллаһу та’алаға мойынсұну үшін абырой сұраса, Аллаһу та’ала оны үстем етеді. Кімде-кім абыройды күнә істеу үшін қаласа, Аллаһу та’ала оны төмендетеді»,- деген екен. Халифа Имам Әузаи хазреттеріне бұл насихаты үшін сыйлықтар бермек болғанда: «Маған сыйлықтың қажеті жоқ. Мен бұл насихатты дүниелік үшін айтқаным жоқ»,- дейді. (Тақуа: Аллаһу та’аладан қорқып, харамдардан сақтану, яғни күнә істемеу деген сөз).