Untitled Document

Сұхбат... Оң жақтың қадірі

Исламда оң жақтың маңызы өте жоғары. Бірнеше мысал келтірейік:

1) Хазреті Имам Науауи былай деген: «Мүбәрәк, қасиетті және таза нәрселерді жасағанда оң жақтан бастау мүстаһаб болып табылады. Киім, аяқ киім киерде, (жатарда, тұрарда), шашты тықырлап алғанда және тарағанда, сақал алғанда, мисуак қолданғанда, тырнақ алғанда, қолды, аяқты жуғанда, мешітке кірерде, мұсылманның үйіне, бөлмесіне кірерде, әжетханадан шығарда, садақа берерде, тамақ жегенде, су ішкенде оңнан бастау керек. Бұлардың терісін жасағанда мысалы: киім, аяқкиім шешерде, мешіттен және мұсылманның үйінен шығарда, әжетханаға кірерде, сіңбіргенде, іш дәрет алғанда солдан бастайды» (Хадиқа).

2) Әрбір адамның оң иығында сауабын, сол иығында күнәсын жазатын періштелер болады.

3) Намазда алдымен оң жаққа, кейін сол жаққа сәлем беріледі.

4) Қағбаны тауаф еткенде оңнан солға қарай айналады.

5) Жақсылардың амал дәптері оң жағынан, жамандардың амал дәптері сол және арт жағынан беріледі.

6) Құран кәрімде амал дәптері оң жағынан берілгендер мақталып, сол жағынан берілгендер жамандалуда:

«Амал дәптері оңынан берілгендер, қандай бақытты ол оңшылдар! Жамандық жасағандарын белгілеу үшін амал дәптерлері сол жағынан берілгендер, қандай обал солшылдарға!» (Уақийа 8,9)

Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Оң қолмен ішіп-жеңдер, оң қолмен алып беріңдер! Өйткені шайтан сол қолымен ішіп-жейді, сол қолымен алып береді». (Ибн Мажә)

«Аяқ киім кигенде оң аяқтан, шешкенде сол аяқтан бастаңдар!» (Бұхари)