Сұхбат... Ахиретте есеп бар
Аллаһу та'ала құлдар арасындағы күнәлардың махшар күнінде құрылатын сотта шешілуін тағдыр еткен. Ол жердегі сотта мүйізсіз қошқар оны сүзген мүйізі бар қошқардан ақысын алады. Осыншалықты нәзік бір әділет бар.
Мұсылмандар мен кәпірлер арасында, мұсылмандар мен жануарлар арасында, мұсылмандар мен мұсылмандар арасында өте нәзік бір сот құрылады. Жануар ақысын өтеу мұсылман ақысынан, ал кәпірдің ақысын өтеу жануар ақысынан да қиынырақ болады. Бала ақысы, әйел ақысы, ұстаз ақысы, ата-ана ақысы, дос ақысы сияқты тағы көптеген ақылар бар. Мысалы бір адам біреуге жала жапса, айқайлап оны қорласа, екі мұсылман кездескен кезде бірі екіншісіне қабағын түйіп қараса немесе бірі екіншісінің бетіне қарамаса, бетін одан бұрса, ақысын жеген болады. Өйткені екіншісі «Мен оған не істедім, бір айып істеп қойдым ба екен? Неге маған суық қарады?» деп ойланып ренжиді.
Имам Раббани хазреттері «Мойнымызда ешкімнің ақысы қалмауына қатты мән беруіміз керек! Ақысын дүниеде өтеу оңай. Сыпайылықпен, жұмсақтықпен кешірім сұрап ақыдан құтылу мүмкін. Бірақ ахиретке қалатын болса, ондай мүмкіндік болмайды. Ол жерде кісі ақысынан құтылу өте қиын, шарасы табылмайды»
Құл ақыларынан құтылу үшін ақы иесіне барып ақыларын өтеуі керек. Ол үшін ақы иесімен халалдасуы, оған жақсылық жасауы және дұға етуі керек. Егер ақы иесі қайтыс болған болса, оның балаларына, мұрагерлеріне ақысын өтеуі, оларға жақсылық жасауы керек. Егер мұрагерлері белгілі болмаса, сол мөлшердегі ақшаны кедейлерге садақа ретінде таратып, сауабын ақы иесіне бағыштауы керек.
Хадис шәрифтерде былай делінді: «Мойнында құл ақысы болған адам өлмей тұрып ақысын өтеп, халалдассын! Өйткені ахиретте алтынның, малдың қадірі болмайды. Ол күні ақыларын өтеп болғанға дейін өз сауаптарынан алынады, сауаптары қалмаса ақы иесінің күнәлары оған жүктеледі». (Бұхари)