Жанұя... Отбасылық құндылықтарымыз (1)
Қоғамның негізін қалаушы құрылым – отбасы. Отбасы құрылымы қаншалықты күшті болса онда өсіп жетілген балалардың құрайтын қоғам да денді, қуатты болады. Отбасы өзара құрмет, махаббат мекені деген сөз. Бір-біріне құрметі жоқ жанұялар, отбасылық құрылымын жоғалтқан қоғамдар күйзеліс ішінде өмір сүреді. Қазіргі таңда ажырасулар көбейіп жатқандығы соншалық ажырасу үшін үйленіп жатыр ма деген ой келеді. Егер ортада бала да бар болса, зияны одан да көбейе түседі. Жалжалы көп жанұяда, мейірімнен махрұм өскен ұрпақ келешектің рухани індеттілері ретінде бой көтереді. Осылайша адамзат өз келешегіне балта шабуда. Ал өзара құрмет, мейірім ішінде өскен бала жақсылыққа бейім болып өседі. Біздің дәстүрлі отбасымыз онсыз да мейірім, өзара құрмет, махаббат негізінде құралған. Отбасыда әркімнің орны қандай, кімнің міндеті қандай, кімнің қай жерде отыратыны, кімнің жолы үлкен бәрі орныққан.
Түркі халықтары, жалпы мұсылман халықтарының тарих бойынша өркендеуіне, ал қиын кезеңдерде жойылып кетпеуіне себепші болған маңызды факторлардың бірі дәстүрлі отбасылық құрылымы. Бізді біз етіп ұстап тұрған күш отбасыдан алған тәрбие, отбасымызға берген қадір қасиет, махаббат, отбасы бірлігі болды. Рухани құндылықтарына ие нағыз жанұяны ешкім тізе бүктіре алмайды. Өмір ағысында алдарынан не шықса да, ол жанұя бүкіл қиындықтарға бірге төтеп береді, тіпті шыңдалып, одан да күшейіп артынша келетін көркемдіктерімен қуаныштарымен де бөліседі. Өмірді мәнді ететін де осы емес пе, бөлісу... Ащыны да, тұщыны да, жоқтықты да, молдықты да... Алайда бұл дәрежеге жету үшін мол сабыр және ерен еңбек керек. Еңбексіз ешбір мәселе өнбейді. (Жалғасы ертең...)