Untitled Document

Денсаулық... Бүйрек саулығына қатысты кеңестер

- Салауатты өмір салтын ұстаныңыз. Дене жаттығуларын жасап жүріңіз, салауатты қоректеніңіз.

- Күніне шамамен 2 литр су ішіңіз. Бүйрек денедегі қалдықтарды сүзіп шығаруы үшін су қажеттілігі бар.

- Темекі тартпаңыз. Темекі ішіндегі химиялық элементтер бүйрек арқылы зәрмен сыртқа шығады. Осы арада бүйрек жасушаларына әсер етіп қатерлі ісіктің қалыптасуына себеп болуы мүмкін.

- Ауруды басатын дәрілерді көп тұтынбаңыз. Ауруды басатын дәрілерді ұзақ уақыт көп тұтынған жағдайда бүйрек қатерлі ісігіне жол ашуы мүмкін. Жалпы дәрі-дәрмек атаулыны бет алды көп қолданбаған жөн.

- Тағамдардағы тұз мөлшерін мейлінше азайтыңыз. Тұздың күндік мөлшері 6 грамнан аспағаны жөн.

- Артық салмақ бүйректің жауы. Салмақты қалыпты деңгейде ұстаңыз.

- Қандағы шекер мөлшерін, қан қысымын бақылауда ұстаңыз.

- Күніне бір алма жеп тұру бүйрекке пайдалы келеді.

- Асқабақ және асқабақ дәні қандағы қант деңгейін реттеп, бүйректі тазалау тұрғысынан және тас пайда болуының алдын алуда пайдалы.

- Ақжелек (петрушка) бүйректердің токсиндерді шығаруын, жақсы жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Жыныстық және жүйке жүйелеріне болымды әсері бар.