Ғибрат... Жарты қуруш
Аббаси халифаларынан, Мемун, өз орнына баласын халифа етуді ойлап жүреді. Бір күні баласының қызметшіге жарты қуруш ақша беріп: «Базарға барып мына нәрселерді алып кел»,- деп жұмсап жатқанын көреді. Баласына жақындап: «Балам, мен өмірімде жарты қуруш дегенді білмегенмін. Сен қайдан алдың жарты қурушты?»- дейді. Баласы: «Әке, ақшаның қадірін білу керек, әсіресе қазіргідей дағдарыс заманында»- деген екен. Әкесі басын шайқап: «Солай ма? Олай болса, сені таққа уәкіл етуден бас тарттым, өзіңе басқа жұмыс қарастыра бер»,- дейді. Не болғанын түсінбеген баласы: «Әке, мен не бүлдірдім, неге олай дейсіз?» - деп кінжіле түседі. Әкесі: «Адам халифа, немесе басшы бола алуы үшін бойында мына үш қасиет болуы керек. Осы үш қасиеттің бірі бойында табылмаған адам басшы бола алмайды: 1) жомарт болуы керек. Сараң адам басшы бола алмайды, қол астындағы адамдардың барлығын өзіне дұшпан етеді. 2) Мейірімді болуы керек. Яғни инені алдымен өзіне, кейін жуалдызды басқаға батыруы керек. 3) Қарапайым мінезді, кішіпейілді болуы керек. Ішкен-жегені достарынан және қол астындағы адамдардан өзгеше болса, олармен бір дастархан басына отыра алмаса, ол адам қарапайым бола алмайды»,- деген екен.
Кешегі жауап: 1,5 сағат десеңіз қателесесіз. Бірінші дәріні ішкен соң жарты сағаттан кейін екіншісін, тағы жарты сағаттан кейін үшіншісін ішкенде, 1 сағаттық уақыт кетеді.