Untitled Document

Мәлімет... Асри сани (екіндінің екінші уақыты) (1)

Намаз уақыттарының ішінде «асри сани» термині екінші намаздыгер (екінді) деген мағынаны береді. Асри әууәл - бірінші намаздыгер деген сөз. Бесін намазының уақыты Имам Әбу Юсуф пен имам Мұхаммедтің және қалған үш мазһабтің үкімінше, асри әууәлге дейін созылады. Яғни, барлық нәрсенің көлеңкесі бесін намазының бастапқы уақытындағы ұзындығынан өзінің бойына дейін, мысалы, 100 см талдың көлеңкесі бесін уақытының басында 10 см болса, бұл көлеңке 110 см болған кезде бесін уақыты бітеді.

Қазір кейбір мұсылман өлкелерде намаздыгер азаны осыған қарап оқылады. Сондықтан кейде біздің отандастардың: «пәлен мемлекетте азандар шамалы ертерек оқылама?» деген орынды сұрақтарын есіту мүмкін. Имам Ағзамның (рахметуллаһи алейһ) үкімі бойынша бесіннің уақыты асри саниге дейін. Яғни барлық нәрсенің көлеңкесі өз бойынан екі есе ұзарғанға дейін созылады. (Орталық Азияда екінді намазын имам Ағзам ижтиһады болған уақытта оқу әдет болған. Яғни ата-бабадан қалған әдіс бойынша, «шамға дәл 2 сағат қалғанда, аср кіреді» деп қабылданған. Бірақ бұл Қазақстанның тек оңтүстік аймақтары үшін қыс айларында ғана дұрыс болады.) (жалғасы ертең...)

 

Зеректік жұмбағы... Емтихан

     Әкесі баласынан сабақтың тапсырмаларын сұрап, әр дұрыс жауап бергені үшін 8 теңге, ал әр қате жауабы үшін 5 теңге кері алуда. 26-шы сұраққа келгенде, ешкімнің берешегі, алашағы қалмай, 0-ге, яғни бастапқы қалпына түседі. Бала қанша сұраққа дұрыс жауап берді?  (Жауабы ертең)