Untitled Document

Күннің тарихы... Ибраһим бин Әдхам

Бәлһ патшасының немесе қызының ұлы. Әкесінің аты Әдхәм. Хазреті Омар әл-Фаруқтың нәсілінен болады. Шамда Чәштийа әулиелерінің ұлыларынан. 779 жылы қайтыс болған.

Ибраһим бин Әдхам хазреттері Дижла өзенінің жағасында шапанын жамап отырғанында сарайдағы бұрыңғы достары оны көріп: «Сарайда қалуың керек еді, мерейің биік сұлтан едің, дәруиш болып, неге қол жеткіздің?» дейді. Ибраһим бин Әдхам хазреттері оларға ұзақ қарап тұрды да, қолындағы инені өзенге тастап «Ей Аллаһтың махлұқтары, менің инемді әкеліңдер!» дейді. Бүкіл балықтар инені әкелу үшін жарыса кетеді. Ибраһим бин Әдхам хазреттері инесін алып «Міне, осыған қол жеткіздім» дейді. Яғни Аллаһу та’алаға мойынсұну арқылы оның разылығына қауыштым. Бүкіл жан тәніммен оған бет бұрғаным үшін балықтарды қызметші етті, мені керемет иесі етті дегісі келді. 

Бір кісі насихат айтуын өтінгенде: «Байлаулыны шеш, ашық тұрғанды жап» деді. Ол кісі «Сөзіңіздің мәнін түсінбедім» дегенінде «Байлаулы қолыңды (қалтаңды) шеш, жомарт бол. Ашық болған аузыңды, яғни тіліңді тый!» деп ескерткен екен.

Ибраһим Әдхам хазреттерінің айтқан ұлағатты сөздері:

«Арғы дүниеде таразыда ең ауыр басатын амал, мұнда жасалуы денеге ең қиын болғаны.»

«Ілімді онымен амал ету үшін үйреніңдер! Көп адам осы жерде жаңылысты. Ілімдері таудай үлкейгенімен амалдары тарыдай кішірейді.»

«Азығын халал жолмен қамтамасыз ету үшін еңбек ету, түндері ғибадат етіп, күндіздері ораза тұтудан абзал. Өйткені барлық нәрсенің басы халал азық.»

«Қарызы бар адам қарызын төлемейінше майлы және сіркелі тағам жемеуі тиіс.» (Яғни қарызды дереу қайтарудың маңыздылығын, қарызды қайтарғанға дейін қымбат тағамдар мен сәнді салтанатты өмірден алыстауды білдіруде.)