Untitled Document

Денсаулық... Көк шөптер (1)

Күнімізде әсіресе жас буын арасында фаст фуд (дайын азық) әуестігі көбейгелі, денсаулықтың және жүйелі қоректенудің негізі болған көкөніс тұтынымы азайып жатқаны байқалуда. Сол себепті көкөніс, яғни көк шөп тұтынудың пайдасы саулығымыз үшін қаншалықты маңызды екеніне қысқаша шолу жасамақпыз. Мәселен балдыркөктің адамды тыныштандыратынын білетін бе едіңіз?..  

Балдыркөк (сельдерей): Тамыры да, жапырақтары да тұтынуға жарамды көкөніс. Құрамындағы А, В, РР, С, К дәрумендері мен ферум, калий, кальций, магний, фосфор минералдары арқылы денсаулыққа өте пайдалы. Сондай-ақ, бұл өсімдік қышқылдар мен эфир майларын қамтиды. Бұлар арқылы стрес пен жүйке күйзелісін басуға септігін тигізеді. Зәр жүргізуге, шекер деңгейі мен қан қысымын реттеуге көмекші әсері бар. Балдыркөкті әсіресе қыс мезгілінде көбірек тұтынуға кеңес беріледі.

Аскөк (укроп): Әртүрлі тағамдарда дәмдеуіш ретінде қосылатын шөптердің бірі. Құрамы магний, ферум, кальций, марганец секілді минералдар мен А және С витаминдеріне қанық келеді. Біршама ауруларға қарсы әсері бар аскөк иммунитетті нығайтуға көмекші болып табылады. Ауыз иісін кетіру, іштің желденуінің алдын алу тұрғысынан және талшық мөлшерінің көптігі арқылы да ас қорыту жүйесіне пайдалы болып табылады. Ғылыми зерттеулер нәтижесінде аскөк тұтыну триглицерид деңгейін 50%, холестерин деңгейін 20% азайтатындығы анықталған. (Жалғасы ертең...)