Untitled Document

Сұхбат ... Қонақ күту

Қонақ күту үлкен сауап. Қонақты ниғмет деп білу керек. Әрбір ниғмет бір машақаттың қарсылығына келетінін ұмытпау керек. Машақатсыз ниғмет болмайды. Әрине қонақтың да машақаты болады. Қиналмай қонаққа қызмет ету керек. Қонақты ғанибет, сауап алу үшін жақсы мүмкіндік деп білу керек. 

Хадис шәрифте былай делінеді:

«Аллаһу та’ала бір қауымға жақсылық тілесе, оларға сыйлық ретінде қонақ жібереді. Қонақ ризығымен келеді. Аллаһу та’ала ол үйдің тұрғындарын кешіреді.» 

Аллаһу та’аланың сыйлығы болған қонақты жақсы күту керек. Қонақ келмесе ренжу керек. Өйткені хадис шәрифте: «Қонақ кірмеген үйге періште де кірмейді» делінген. Қонақ келмеуін тілеу дұрыс емес. Өйткені пайғамбарымыз: «Қонақ күтуді қаламаған адамда береке жоқ» деген. 

Қонақ үшін көп әуреге түсіп, өзін қинап қоймау керек! Өйткені қонақ ыңғайсызданады.

Хадис шәрифте былай делінді:

«Қонақ үшін шектен тыс әуреге түспеңдер, қонақ бұдан ыңғайсызданады. Қонақты ренжіткен Аллаһты ренжіткен болады. Аллаһты ренжіткеннен Аллаһ жиренеді»

Хазірет Әли былай деген:

«Достың ең жаманы, сені әуреге салған, өзін басқаруға сені мәжбүрлеген, сені кешірім сұрайтын істер жасауға итермелеген адам.»

 

Күлімдейік... Жоғалған кілт

Қожанасыр бір күні кілтін жоғалтып алады. Бақшада іздеп жүргенінде әйелі:

– Кілтті қай жерге түсіріп алған едіңіз?-деп сұрайды. Қожа:

– Қай жерге түсіргенімді білсем іздеп жүрер ме едім?- депті.