Untitled Document

Сұхбат... Күнделікті оқылатын дұғалар

Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«“Бисмилләһилләзи лә ядурру мә’асмиһи шәйун фил-арди уәла фиссәмаи уә һуәс-сәмиул-алим” дұғасын таңертең 3 рет оқыған адамға кешке дейін, ал кешке оқыған адамға таңертеңге дейін ешқандай пәлекет келмейді». (Ибн Мажә)

«Әр намаздан кейін: “Әстағфируллаһәл’азыйм, әлләзи лә илаһа илла һуәл хаййәл қаййумә уә әтубу иләйһ” дұғасын 3 рет оқыған адамның барлық күнәлары кешіріледі». (Ибн Сүнни)

«Азанда және кешке: “Хасбиаллаһу лә илаһа илла һу, аләйһи тәуәккәлту уә һуә Раббул-аршил’азыйм” – деп, 7 рет айтқан адам дүние мен ахирет қиыншылықтарынан құтылады». (Ибн Сүнни)

«Жұма намазынан кейін: 7 рет Ихлас, Фәлақ және Нас сүрелерін оқыған адам бір апта қазадан, бәледен және жаман істерден сақталады». (Ибн Сүнни)

«Таң және шам намазынан кейін “Аллаһуммә әжирни минән-нар” дұғасын 7 рет оқыған адам сол күні өлетін болса, жаһаннамнан сақталады». (Нәсаи)

«Жұма күні 80 салауат айтқан адамның 80 жылдық күнәсі кешіріледі». (Дара Кутни) 

«Әр намаздан кейін: 33 тасбих (Сүбханаллаһ), 33 тахмид (Әлхамдулиллаһ), 33 тәкбір (Аллаһу әкбар) және бір таһлил: “Лә илаһа иллаллаһ уаһдаһу лә шәрикә-ләһ ләһул-мулку уә ләһул хамду уә һуә ала кулли шәйин қадир” деген адамның теңіз көбігіндей күнәсі болса да кешіріледі». (Мүслим)

«Кімде кім азанда және кешке: 100 рет “Сүбханаллаһи уә бихамдиһи” десе, сол күні және түні ешкім ол жинағандай сауап жинай алмайды». (Дәйләми)