Untitled Document

Сұхбат... Ислам дініндегі қасиетті түндер

Қасиетті түндер Ислам дінінде құрметтелетін түндер болып табылады. Аллаһу та’ала құлдарына рақымдылық танытып, кейбір түндерді қадірлі деп сипаттап, сол түндерде оқыған дұғалар мен тәубелерді қабыл ететінін білдірді. Құлдарының көп құлшылық жасап, дұға  және тәубе  етулері үшін осы түндерді себепші етті.

Қадірлі уақыт - бесін намазынан сол түннің соңына, яғни таң атқанға дейінгі уақыт. Қасиетті түндерге немқұрайлы қарамау керек. Бұл түндерде қаза намаздарды оқу керек, Құран оқу керек, дұға және тәубе ету қажет, садақа беріп, мұсылмандарды қуанту керек, олардың сауаптарын өткен мұсылмандарға да бағыштау керек. Бұл түндерді қадірлеп, күнә істемеу керек. Қасиетті түндер мыналар:

1) Қадір түні. (Ләйлә-тул-қадр) Ол рамазан айының бір түні. Имам Ағзам Әбу Ханифа 27- түні деп көрсетті.

2) Пітір түні. (Фитр) Рамазанның соңғы күні мен Ораза айттың 1-күні арасындағы түн.

3) Арафа түні. Арапа күні мен Құрбан айт мерекесінің 1-күні арасындағы түн. Арапа - зүлхижжа айының тоғызыншы күні. Басқа күндер арапа деп аталмайды.

4) Құрбан айт түндері - Құрбан айт мерекесінің бірінші, екінші және үшінші күндерінен кейінгі түндер. Бұл үш күн «аййамы нахр» деп аталады.

5) Мәуліт түні. Рабиул-әууәл айының он бірінші және он екінші күндері арасындағы түн. Пайғамбарымыздың туылған түні.

6) Бәрат түні. Шабан айының он бесінші түні.

7) Миғраж түні. Ражаб (ережеп) айының 27-түні.

8) Рағаиб түні. Ражаб айының алғашқы жұмасының түні «рағаиб түні» деп аталады.

9) Мухаррам түні. Мухаррам айының бірінші түні мұсылмандардың «қамари - жыл басы түні» деп есептеледі.

10) Ашура түні. Мухаррам айының оныншы түні.

Жоғарыдағы он түннен басқа пітір (рамазан айт) мерекесінің қалған түндері, зүлхижжа айының алғашқы он түні, мухаррамның алғашқы он түні және әрбір жұма және дүйсенбі түндері де қасиетті болып саналады.