Untitled Document

Денсаулық... Жұқпалы індеттен қорғану (2)

Қоғамдық жерлерден ұзақ болу және маска тағу. Мүмкіндігінше қоғамдық орындардан, адамдар көп шоғарланған жерлерден ұзақ тұрған жөн. Сыртқа шыққанда медициналық маска тағып шығыңыз.

Физикалық контакттан шектелу. Вирустық жағдайға байланысты мүмкіндігінше қол алысып амандасудан, бет сүю, құшақтасудан тыйылған жөн. Яғни ауызша сәлемдесумен шектелген абзал. Өйткені вирустар қолмен беріледі.

Қоғамдық жерлерде арақашықтық сақтау. Қоғамдық жерлерде адамдармен кем дегенде 1 метрлік қашықтықты сақтаған жөн. Егер жаныңдағы адам дертке шалдыққан болса, түшкіргенде немесе жөтелгенде айналасына ауа тамшылы жолмен вирус тарауы ықтимал.

Бұйымдарды антисептиктермен сүрту. Қоғамдық орында қолданылған әмиян, телефон, сөмке сыңда заттарды үйге кіргенде міндетті түрде антисептикалық майлықтармен сүртіңіз. Сыртта да, үйде де ең көп қолданылатын құрал ұялы телефон болғандықтан, үйге кіргенде әсіресе телефонды сүртіп залалсыздандыруды ұмытпаңыз.   

Салауатты өмір салтын ұстану. Салауатты өмір салты ағзаның инфекцияға қарсы төзімділігін арттырады. Салауатты қоректенуге, ақуыз, дәрумендер мен минералдарға қанық азықтарды тұтынуға және физикалық тұрғыда белсенді болуға тырысыңыз.