Untitled Document

Денсаулық... Жұқпалы індеттен қорғану (1)

ДДСҰ мен дәрігерлердің COVID-19 коронавирусынан қорғану жөніндегі кеңестері:

Қолды жиі жуу. Қолды кем дегенде 20 секунд сабынмен жуыңыз. Сабын мен су болмаған жағдайда антисептик қолданыңыз. Әсіресе сырттан үйге немесе жұмыс орнына келгенде міндетті түрде бірінші кезекте қолды жуыңыз. Егер қолға вирус іліккен жағдайда оны сабынмен жуу арқылы немесе антисептик арқылы оны залалсыздандырған боламыз.

Жөтелгенде, түшкіргенде ауызды жабу. Жөтелгенде немесе түшкіргенде бір реттік қағаз сүрткімен ауыз бен мұрынды жабыңыз, сүрткі болмаған жағдайда қолдың шынтақ бөлігі арқылы жабыңыз. Сүрткіні дереу қоқыс контейнеріне тастаңыз. Жөтелгенде немесе түшкіргенде ауызды жабу арқылы вирустар мен өзге де микроағзалардың ауаға таралымының алдын алған боламыз. Егер ашық алақанмен жабылса, микробтар сіздің қолыңызға, сосын қолыңыз арқылы өзге заттарға немесе адамдарға өтуі мүмкін. 

Көз, мұрын және ауызды қолмен ұстамау. Жуылмаған қолмен көз, мұрын, ауызды ұстамаған жөн. Қолмен көп нәрселерді ұстаймыз, оның кейбірінде вирус болуы да мүмкін. Вирус іліккен қолмен көзді, мұрынды немесе ауызды ұстау арқылы вирустың ағзаға өтуіне жағдай жасаған боламыз.  (Жалғасы ертең...)