Untitled Document

Тарих... Саяхатшы Вамберидің күнделігінен

Венгриялық саяхатшы Арминус Вамберидің 1863 жылғы Орталық Азияға саяхатында түркі халықтарының қонақжайлылығы туралы былай дейді:

«Әлемде түріктердей қонақжай, қонақ күтуді сағынатын халық жоқ. Әсіресе түріктердің негізгі отаны болған Түркістанда (Орталық Азияда) бұл қонақжайлылықты қалам және тілмен түсіндіру мүмкін емес. Түріктер дүниенің қай жерінде болса да, қандай жағдайда болса да, дүниенің ең қонақжай халқы».

Вамбери саяхат барысында түркі тайпаларының, қажыларды үйлеріне қонаққа шақыру үшін бір-бірімен таласқандарын, тіпті қан төгілуге дейін баратындықтан, жеребе суыру әдісімен қонақтарды киіз үйлерге орналастырып, жанжалдың тоқтатылғанын айтады. Вамбери бұлардың үйінде бір жылға дейін қонақ болып қалуға болатынын айтып, ал еуропалықтардың қонақжай емес екенін, француздардың «Қонақ және балық үш күннен кейін у болады» деген мақалымен түсіндіреді. 

Вамбери Түркістанда әйелдердің арлы, намысты екенін білдіріп, әйелдер жайлы былай әңгімелейді: «Әйелдер көшеге шыққанда бастарын жауып, жағалы, ұзын киім киетін. Маңызды отбасылардан болған әйелдер, базар және сауда-саттық сияқты адам көп жүретін жерлерге шықпайды. Үйінен шығуға мәжбүр болған кезде кедей немесе кәрі әйелдер сияқты киініп шығатын».

Вамбери Түрік тайпаларында ақсақал деп аталатын тәжірибелі, қарт кісілер барын, олардың тайпадағы әртүрлі проблемаларды шешетінін түсіндіріп былай дейді: «Түрік тайпаларында адам өлтіру, қан төгу, өш алу деген жағдайлар болмайды. Ондай жағдайлар басқа тайпалармен болады. Мұндай жағдайларда екі жақтың ақсақалдары жиналып түсініспеушілікті шешеді, қабылданған шешімге барлығы мойынсұнуға мәжбүр болады».