Untitled Document

Сұхбат ... Имам Ағзам Әбу Ханифа

Әһли сүннеттің амалдағы төрт мазһабінің бірі болған Ханафи мазһабының құрушысы болып табылады. Мутлақ мүжтәһид болған бұл ғалымның есімі Нұғман. Әкесі Сабит хазреті Әлимен кездескен, тегі үшін батасын алған. Әбу Ханифа нағыз мұсылмандардың әкесі деген сөз. Әйтпесе, оның Ханифа деген қызы болмаған. Хижри 80-150, милади 699-767 жылдары аралығында Куфа мен Бағдатта өмір сүрді. Бағдатта шәйіт болды.

Алдымен Имам Шабиден кәлам және муназара ғылымын үйренді. Сосын Хаммад бин Әбу Сүлейманнан фиқһ үйренді, 28 жыл сабағына қатысты. Бір жағынан адамдардың сенімін бұзатын қате топтармен күресті. Даһри деген атеисттермен, шиит, мутазилә секталарымен күресіп, әһли сүннет сенімін таратты. Фиқһ ғылымын бөлімдерге бөлді.

Сахабалардан Әнес бин Маликпен бірге бес адамды көру бақытына ие болды. Әһли бәйттен Зейд бин Әли және Мұхаммед Бақырдан білім алды. Тасаууф ілімін Жафар Садықтан алып, жоғары дәрежелерге қауышты. Фиқһтағы терең білімін және қиястағы ғылымын, тақуалығын көрсететін кітаптары өте көп. Ханафи мазһабы Осман мемлекеті кезеңінде жан-жаққа таралды. Бүкіл мұсылмандардың жартысынан көбі Ханафи мазһабы бойынша ғибадат жасайды. Имам Ағзамнан бір мәселе туралы сұралған кезде шығарған үкімін ұстаздарына айтатын. Олар келіспейінше жауабын айтпайтын.

Куфа мешітінде сабақ берген кезінде мың шәкірті оның барлық сабағына қатысатын. Бір мәселеге шешім тапқан кезде шәкірттеріне айтатын. Барлығы келіссе «әлхамдулиллаһ» деп, шәкірттеріне «мұны жазыңдар» дейтін.

Ұстаздар шежіресі:

1) Пайғамбарымыз (алейхиссалам)

2) Хазреті Әли және Абдуллаһ ибн Масуд (радиаллаһу анһума)

3) Әлқама бин Қайс (рахметуллаһи алейһ)

4) Ибраһим Наһаи (рахметуллаһи алейһ)

5) Хаммад (рахметуллаһи алейһ)

Имам Ағзам Әбу Ханифа (рахметуллаһи алейһ)