Untitled Document

Күлімдейік... Басқа пәле – тілден

Бірде ерігіп отырған хан Қожанасырдан: 

- Басқа пәле неден? - деп сұрайды. 

- Тақсыр, басқа пәле – тілден, - дейді Қожа. 
- Жоқ, білмедің, - деп, хан Қожамен дауласа кетеді. Екеуі ұзақ керіседі. 

Қожаның дұрыс сөзін хан теріске шығара береді. Әбден ыза болған Қожа: 

- Ой, өзің сөз түсінбейтін менің көк есегім сияқты бір су ми екенсің! – дейді. Әрине, «көк есек», «су ми» деген ауыр сөздерді есту – ханға оңай ма, табанда қаhарына мініп: 

- Мынаны дарға асыңдар! – деп әмір етеді. Жалаңдаған жендеттер тап бергенде, зәресі кеткен Қожа: 

- Дәт, тақсыр, мен жаңа ғана Сізге: «Басқа пәле – тілден» деп айтпадым ба? Көзіңіз енді жеткен болар,- депті. Сөзден жеңілген хан Қожанасырды босатып қоя берген екен.

Күн Суқұйғыш шоқжұлдызында

Бүгін 20-қаңтар. Күн Суқұйғыш шоқжұлдызына кіріп, қыстың екінші айы басталды. Күн бұл бұрышта 30 күн болады және ақпанның 19-күні Балық шоқжұлдызына кіреді.

Соңғы жылдардағы ғылыми және технологиялық жетістіктерге қарамастан, қазір де адамдардың көпшілігі шоқжұлдыздарға қарап бал ашу сияқты қате сенімдерге сенеді. Өкінішке орай, газеттердің ең көп оқылатын айдарлары шоқжұлдыз және бал ашу айдарлары екені рас. Бұл қате сенімдер тек батыста ғана емес, бізде де кең таралған. Технологиясы шарықтаған АҚШ-та да кәсіпке айналған.

Тағдырға сенетін, ғайып пен болашақты тек Аллаһу та’аланың білетініне сенетін мұсылман адам мұндай қате сенімдерден аулақ болады.

Ескерту: Шоқжұлдыздардың бар екендігі - ғылыми шындық. Алайда Шоқжұлдыздарға қарап, бал ашу және оған сену - қате түсінік.