Untitled Document

Ғибрат... Иман ниғметінен мақрұм қалдыратын күнә

      Тәкәппарлық – Аллаһу та'ала жақсы көрмейтін күнәлардың басында тұрады. Бізді екі дүние бақытына қауыштыру үшін жіберілген пайғамбарларға иман келтірмей, қарсы шығып, оларды қинап, жапа шектіргендердің көбісі мұны тәкәппарлықтары себебінен істеді. Нәмрудты, перғауынды, Әбу Жәһл сияқтыларды иман ниғметінен мақрұм қалдырған нәрсе – олардың тәкәппарлығы еді. Әйтпесе олар да пайғамбарымыздың және айтқандарының хақ екенін білетін еді. Әбу Жәһлдің нағашы ағасының баласы айтып берген: «Бір күні оны көруге бардым, екеуміз оңаша қалдық. Әбу Жәһлден: «Сен Мұхаммед туралы не ойлайсың? Шыныңды айтшы, екеуміздің арамызда қалады!»- деп сұрадым. Ол маған жауап ретінде: «Оның шыншыл екендігі айдын анық. Біз Оны «Мухаммад-ул әмин» (сенімді Мұхаммед) дейтін едік, сондай-ақ айтқан сөздері адамның сөзі болуы мүмкін емес!»- деді. Осылай жауап береді деп еш ойламаппын, таңқалып: «Олай болса, неліктен оған иман келтірмейсің?» деп сұрадым. Бұл сұрағыма: «Біз бұл іске Әбу Талибтың жетімінен лайықтырақ едік. Пайғамбарлық келсе, маған келуі тиіс еді, мен пайғамбар болуым керек еді! Мен осы байлығыммен, мына абыройыммен қалай оған бағынамын, мүмкін емес!» деп жауап берді».

Құрметті көлік жүргізушілер!

      Көп қабатты үйлердің ауласында көлікпен жүргенде міндетті түрде жылдамдықты түсіріңіз. Кез келген сәтте, ойламаған жерден бала жүгіріп шығуы әбден мүмкін.  Аулада велосипедпен, роликпен самокатпен ойнап жүрген балалар болады. Бала болғандықтан епсіз, зейінсіз келеді. Сондықтан аулада, аула арасында жылдамдықты асырмауға мұқият болыңыз!