Жалғасы... Бақытты да, салауатты өмір салты (2)
Күлімдеп жүріңіз! Болмашы нәрсеге ренжімеңіз. Өзгеге ренжіген адам басқаларды да ренжіткіш келеді. Қысқасы, өмірге түңілмей, көңілді жүріңіз, сол кезде өзіңізді бақытты сезінесіз. Кім біледі, сіздің жылы жымиған жүзіңіз өзгелерді бақытты етуге көмектесуі әбден мүмкін.
Ермекке (хоббиге) уақыт бөліп, өзіңізге рақат көңіл-күй сыйлаңыз! Мейлі ол өнер, қолөнер, топтама (коллекция) жинау және т.б болсын, ең бастысы – өзіңізді бақытты сезініңіз. Белсенді болыңыз, жетістіктеріңізді атап өтіңіз. Достарыңызға есесін дәметпестен сыйлықтар беріңіз. Белгілі бір жұмыспен айналысуға, сол жұмыстан рақат алуға тырысыңыз.
Отбасы мүшелеріне көмектесіңіз! Ыдыс жуып, үй тазалап және басқа да жұмыстармен отбасы мүшелеріне көмектесіңіз. Сіздің жақындарыңыз сізді жақсы көріп қана қоймайды, жақсы жұмыс атқарғаныңыз үшін өзіңізді де, өзгені де бақытты етесіз.
Бұзақыларға және алып-қашпа әңгімелерге мән бермеңіз! Бұл әрине ең қиын жұмыс, дегенмен жүзеге асырсаңыз иығыңыздан ауыр жүк түскенін сезінесіз. Кейбір көргенсіздер сыртыңыздан әңгіме айтып жатса, оларға назар аудармай, жауап та бермеңіз. Өйткені, олар ерте ме, кеш пе сізден күтілген қарсы жауапты ала алмаған соң шаршайды. Ондай адамдармен дос болуға немесе олардың қателіктерін жөндеуге тырыспаңыз, ең дұрысы олардан ұзақ тұрыңыз. Көп ұзамай ренжуге тұрарлық адам емес екенін ұғасыз. Бұл өзіңізді бақытты және сенімді сезінуге көмектеседі.
Өзіңізге сенімді болыңыз. Ішкі жан дүниеңізге үңіліңіз, жан сұлулығыңызға мән беріңіз. Өзіңізді жақсы қырыңыздан көрсетуге тырысыңыз. Басыңызды көтеріп, денеңізді тік ұстап жүріңіз, позитивті көңіл-күймен, сеніммен қадамыңызды нық басыңыз.