Мотивация... Бақытты да, салауатты өмір салты (1)
Жақсы ойлау және оң көзқараста болу. Жағдайға оң көзқараспен қарау өзгелермен жақсы қарым-қатынас құруға көмектеседі және суық пен ауруға қарсы күресетін денедегі иммундық жүйені көтереді. Мәселен жақсы ойда болу үшін өзгелердің жасаған жақсылығын ұмытпаған жөн. Жаман ой келе бастағанда дереу жақсылықты еске түсіру керек.
Мақсат қоя білу. Алға мақсат қоя білу өте маңызды. Өйткені, адам мақсатты қалай қойса, ол соған қарай ұмтылады. Мақсат бар жерде арман бар, арман бар жерде үміт бар, үміт бар жерде ниет бар, ниет бар жерде талап бар, талап бар жерде еңбек те бар. Бұлар — бір-бірімен ажырағысыз, тығыз байланысты қасиеттер.
Салмақты болу. Дені сау адамға күйзеліс пен психикалық тұрақсыздық кері әсерін тигізеді. Сондықтан, байсалды болуға, күйзеліс, стресс атаулыдан сақ болуға тырысу қажет.
Жақсы дос табу. Кейбір достар жаман қырынан әсер етіп, пайдасынан зиянын көп тигізіп жатады. Ондай достардан алыс тұрған жөн. «Жақсымен жүрсең жетерсің мұратқа, жаманмен жүрсең қаларсың ұятқа» деген мақал өте орынды айтылған.
Бос отырмау. Ең жақсы тәсілдердің бірі – «Бүгінгі жұмыстарым өте көп!» деп айту. Сонда уақытты бос өткізбеуге тырысамыз. Жұмыстардың тізімін құрып, күнтізбе немесе күнделік арнаймыз. Бірақ орындай алмайтын жұмыстардың жоспарын құрмау керек.
Тынығу. Күннің ортасында 1-2 сағат ұйықтау, ұнататын тағам немесе жемістер жеу, физикалық жаттығу жасау, бассейнге бару, серуендеу секілді өзіңе көтеріңкі көңіл-күй сыйлау керек. (Жалғасы ертең...)