Untitled Document

Ғибрат... Салауатты өмірдің сыры

Бірде Византияның патшасы Гераклиус пайғамбарымызға бірнеше сыйлықтар жібереді. Сыйлықтармен қатар бір емшіні де қоса жібереді. Әлгі емші: «Гераклиус мені сізге сырқат адамдарыңыз бар болса, соларды емдесін деп жіберді»,- дейді. Пайғамбарымыз оған бір үй беріп, азық-түлігін қамтамасыз еткізеді. Арада күндер, айлар өтеді, бірақ әлгі емшіге ешкім бармайды. Кейін ешмі пайғамбарымызға келіп: «Мені сіздерге қызмет етсін деп жіберген еді, қанша айлар бойы іштім жедім, қонақ қылдыңыздар, алайда ешкім емделуге келмеді. Рұқсат берсеңіз мен еліме қайтсам»,- дейді. Пайғамбарымыз: «Ол жағын өзің білесің, не істеймін десең өз еркің, егер тағы біраз қаламын десең қонаққа қызмет ету, қонақжайлылық көрсету мұсылманның міндеті. Бірақ мынаны біл, мұнда жылдап отырсаң да саған ешкім келмейді. Өйткені сахабаларым сырқаттанбайды. Ислам діні ауру болмаудың жолын көрсеткен. Сахабаларым тазалыққа жіті мән береді. Қарны ашпай тұрып ештеңе жемейді. Дастарханнан тоймаймастан тұрып кетеді»,- деген екен. Демек пайғамбарымыз денсаулықтың мықты болуының нұсқаулығын айтып кеткен. Яғни салауатты өмірдің сыры осы үш нәрседе: Тазалыққа мән беру, қарын ашпай тұрып ештеңе жемеу және тоймай тұрып дастарханнан тұру (яғни тамақты тойып жемеу). 

Зеректік жұмбағы... Алтыншы ұл

      Ахметтің әкесінің 6 ұлы бар 1) Ержан, 2) Нұржан, 3) Ерлан, 4) Нұрлан, 5) Ербол, 6) ?.. Алтыншы ұлының есімі кім? (Жауабы ертең...)