Үй үшін... Практикалық мәліметтер
¨ Бәлішті пісіргенде бетінің қызарып пісуін қаласаңыз, қамырдың үстіне жұмыртқа немесе айран жағылады.
¨ Баклажанның ашысын кетіру үшін, қабығын ашып немесе турап біршама уақытқа тұзды суға салып қою керек.
¨ Кесілген және ашық ауада қалған пияз зиянды болады. Артылып қалған пияздар стретч пленкаға (ас үйлік жұмсақ рулон кленкаға) оралады.
¨ Тышқандардан құтылу үшін жүретін жерлеріне қара бұрыш себілсе, тышқандар қашады.
¨ Мыстан жасалған ыдыстардың жылтырауын қаласаңыз, оларды сірке немесе лимон және тұзбен ысқалаңыз.
¨ Қатып қалған етті тең мөлшердегі сірке және сұйық майға салып қойыңыз! Тез арада жұмсағанын көресіз.
¨ Салат жапырағы және сүтшөптердің жапырақтары пышақпен емес, қолмен туралса дәрумендерін жоғалтпайды.
Күннің тарихы... Меккенің алынуы
Пайғамбарымыз Мәдинадан хижреттің 8-ші жылы (1 қаңтар 630 ж) Рамазан айының 10-ы дүйсенбі күні 12000 адамдық әскермен жолға шыққан еді. Рамазан шәриф айының 20-сы (11 қаңтар) бейсенбі күні соғыспастан, Меккені бағындырды. Дұшпандарына: «Сендердің ешқайсыларыңды жауапқа тартпаймын. Барыңдар, бәрің боссыңдар”,- деді.
Қағбаны пұттардан тазартты, Хазреті Біләл Қағбаның дуалына шығып, алғаш рет азан шақырды. Осылайша мұсылмандар көшіп кеткен Меккемен, Қағбамен және атамекендерімен қайта қауышты.