Ғибрат... Жәннаттың жоғары дәрежесі
Соңғы кездері вирустық жағдайға байланысты мұрынға су алып тазартудың, қолды жиі жуудың маңызы көп айтылуда. Асыл дініміз мұны 15 ғасыр бұрын айтып кеткен. Дәрет алу, ғұсыл алу бұлардың барлығы тазалықтың бір түрі. Әрі рухани тазалық, әрі тәндік тазалық. Намаздың өзінде намаз оқитын жердің, дененің және киімнің таза болуы шарт. Аллаһу та'ала Құран кәрімнің бірнеше жерінде «Таза болғандарды жақсы көремін» деген.
Ибраһим Хаввас хазреттері өлім аузында жатқанында бірден іші өтіп, тоқтамайды. Киімі жиі кірлейді. Таза күйінде жан тапсыруды қалап, әр дәреті бұзылғанда ғұсыл алған екен. Қайтыс болғаннан кейін оны түсінде көргендер: «Аллаһу таала сізге қандай мәміле көрсетті?» - деп сұрайды. Сонда хазрет: «Жасаған ғибадаттарым мен тәуәккүл етуім маған берліген ниғметтер үшін жеткілікті болмады. Тек дүниеден өтерде ғұсыл алып тазалануым Аллаһу та’аланың құзынырда қабыл болып, осы тазалығым себепті жәннаттың ең жоғары дәрежелеріне шығарылдым. Ғайыптан бір дауыс “Ей, Ибраһим, Саған жасалған бұл сый-құрмет, таза болып келгендігің үшін. Мұнда таза болғандар үшін ерекше үстем мәртебелер бар” деп үндеді»,- дейді.